• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2020 г

Отправить по почте

1

"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 542 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2020 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес  
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«4) білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы 2010-2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;»;
«4-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы 2010-2011 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады деп белгіленсін.»;
«2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»;
«2-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын есепті жылдың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.