• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 541 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 541 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1) Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Полторабатько Людмила Григорьевна - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Никитинская Екатерина Сергеевна - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Баймаханова Галина Александровна - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Сыдықов Серік Сламжанұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты Басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Тілеухан Нәркес Түлекқызы - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Аппаратының заңнама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Әбіш Самат Сатыбалдыұлы- Қазақстан Республикасы Ұлттыққауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Өмірияев Мүслім Тайырұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Жұманғарин Серік Мақашұлы - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі
Ахметов Рустам Нұрланұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы
Жанәбілова Әсел Болатқазықызы - Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы (келісім бойынша)
Түгел Әнуар Құрманбайұлы - Республикалық адвокаттар коллегиясының төрағасы (келісім бойынша)
Жүрсінов Рустам Манарбекұлы - «KazEnergy» Заңды тұлғалар бірлестігінің құқық мәселелері бойынша атқарушы директоры (келісім бойынша);
мына:
«Уақпаев Марат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Шәженова Дина Мэлсқызы - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Уақпаев Марат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Шәженова Дина Мэлсқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі»;
көрсетілген құрамнан Серік Байсейітұлы Ақылбай, Амантай Жанкенұлы Күреңбеков, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Евгений Иосифович Аман, Өсер Елеусізұлы Мизанбаев, Балжан Ибатқызы Досмұхамбетова, Николай Петрович Тихонюк шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн талдау;
2) Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкімет шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
3) заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын мемлекеттік органдардың арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
6) Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;
7) Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде олар бойынша оң не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
8) заңнамалық актілерде реттеп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын (қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда) және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
9) заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жiберу туралы ұсынымдар әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
11) заңнаманы кодификациялау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу;
12) кодификацияланған және топтастырылған актілердің жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың үшiншi жұмасында, қажет болғанда, Комиссияның төрағасы белгілейтiн өзге де күндерде өткiзiледі.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді Комиссияда қарау қажеттігі болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен олар бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.
Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі мәселе бойынша материалдар дауыс беру үшін жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері Әділет министрлігіне өз пікірлерін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Комиссия мүшесі оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.
Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
Сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.»;
15-1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Комиссия отырысында қарау үшін ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары 3 жұмыс күні ішінде барлық Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдар өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда оларды 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады. Ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды Әділет министрлігі заң жобасының тұжырымдамасы бойынша алдын ала қорытындыға қоса тіркейді.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге қосымшамен толықтырылсын.
  • 1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 907 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (29.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 541 қаулысына
қосымша

Заң жобалау қызметi мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
туралы ережеге
қосымша
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы
Р/с
Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның мүшесі Дауыс берді:* Дауыс берген жоқ
Жақтағандар Қарсы болғандар

































































Дауыс берген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы:

Дауыс беру нәтижелері: ________________________________________
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Ведомствоаралық комиссия мүшесі отырыста немесе сырттай дауыс беру нәтижелерін қорытындылау кезінде жоқ болған жағдайда, тиісті белгі қойылады.