• Мое избранное
"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысы

Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.
  • 1
2. «Бәйтерек» холдингі қызметінің негізгі мәні өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) басқару, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып айқындалсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 952 Қаулысына сәйкес (08.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігіне құрылатын қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 86550000 (сексен алты миллион бес жүз елу мың) теңге бөлінсін.
4. Қоса беріліп отырған:
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларбекітілсін.
5. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
6. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының жүз пайыз пакетіне, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың жүз пайыз үлесіне және осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының пакетіне айырбас ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі – Қор) акционерлік қоғамының меншігіне берілсін.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын әзірлеу мен бекітуді, оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттері республикалық меншікке қабылданғаннан кейін оларды қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (25.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4) қоғам, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берудi;
5) «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттiк қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берудi;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевті қоғамның басқарма төрағасы етіп тағайындауды;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар, Денсаулық сақтау министрліктерімен және Қормен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
7-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес құрамда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.
Осы Қаулы 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.05.2016 жылғы № 294 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысымен
бекiтiлген
Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2021 жылғы № 958 Қаулысымен (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Р/с
Атауы Акцияларының мемлекеттік пакеті
1 2 3
1. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы 100 %
2. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 100 %
3. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы 98,60186962 %
4. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
5. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
6. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы 100 %
7. «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы 100 %
8. «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы 100 %
9. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы 100 %
10. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы 100 %
  • 1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.09.2020 жылғы № 557 Қаулысымен (19.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2021 жылғы № 958 Қаулысымен (31.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар
Р/с
Атауы Акцияларының мемлекеттік пакеті
1 2 3
1. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы 100 %
2. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 100 %
3. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы 98,60186962 %
4. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) 100 %
5. Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)  
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
2-қосымша
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының меншігіне берілетін республикалық мүлік
Р/с
Мүліктің атауы
1 2
1. 1997 жылғы 14 маусымдағы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелерінің және шаруашылық қызметінің концессиясы шартын бұзу нәтижесінде алынған газ тасымалдау жүйесінің активтері
2. Үштаған, Шөлтөбе, Бейнеу кенттерінде «Кавказ-15» АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары және Сай-Өтес және Тәжен кенттерінде «Кавказ-10» АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары
3. Ресей Федерациясының Алтай аймағы мен Орынбор облысы аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын теміржол көлігінің объектілері және өзге мүлік
4. Қазақстан Республикасының аумағында:
1) мемлекеттік шекара – Никельтау бекеті (Орск – Никельтау желісі) учаскесінде;
2) мемлекеттік шекара – Тобыл бекеті (Тобыл – Қарталы желісі) учаскесінде;
3) мемлекеттік шекара – Пресногорьков бекеті (Новоишимск - Утяк желісі) учаскесінде;
4) Петропавл станциясы (тек қана) – № 7 блок бекеті (Петропавл – Көкшетау желісі) учаскесінде орналасқан теміржол көлігінің объектілері және өзге мүлік
5. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қайсенов көшесі 121 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 71,20 шаршы метр гараж
6. Бұру ұзындығы 17 771 м. (ӘЖ-10 кВ – 14676 м. электр желілері) магистральды газ құбыры және Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым кентіндегі АГТС (АГТСм – 1 дана) операторлары үшін екі пәтерлі тұрғын үй
7. Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашығанақ-Орал» магистральды жоғары қысымды газ құбыры
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
3-қосымша
Акцияларының пакеттері республикалық меншікке қабылданғаннан кейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар
Р/с
Атауы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі акциялар пакеті
1 2 3
1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы 100 %
2. «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы 100 %
3. «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы 100 %
4. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы 100 %
5. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы 100 %
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
4-қосымша
4-қосымша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (25.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
5-қосымша
Осы Қаулы 5-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.05.2016 жылғы № 294 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.07.2016 жылғы № 423 Қаулысымен (17.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 551 Қаулысымен (22.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.01.2017 жылғы № 14 Қаулысымен (29.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2017 жылғы № 791 Қаулысымен (25.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.10.2018 жылғы № 650 Қаулысына сәйкес (29.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.02.2019 жылғы № 86 Қаулысына сәйкес (17.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.06.2020 жылғы № 376 Қаулысына сәйкес (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.01.2022 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.05.2022 жылғы № 314 Қаулысына сәйкес (28.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2022 жылғы № 737 Қаулысымен (18.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.09.2023 жылғы № 838 Қаулысымен (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.02.2024 жылғы № 131 Қаулысымен (27.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)
5-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.07.2024 жылғы № 571 Қаулысымен (28.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 25 мамырдағы
№ 516 қаулысына
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-158, 21-159, 21-160-жолдармен толықтырылсын:
«21-158. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
21-159. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ
21-160. «СК-Фармация» ЖШС».
2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-10-жолмен толықтырылсын:
«227-10. «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 237-50, 237-51-жолдармен толықтырылсын:
«237-50. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
237-51. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы».
  • 1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1005 Қаулысымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2014 жылғы № 995 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.12.2022 жылғы № 1028 Қаулысына сәйкес (22.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.11.2022 жылғы № 935 Қаулысына сәйкес (23.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
8. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 6 сәуiрдегi № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық басқарушы холдингтер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы».
  • 1
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.10.2018 жылғы № 656 Қаулысына сәйкес (16.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)