Toggle Dropdown
Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1394 Қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 01.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) фитосанитариялық нормативтер;
Toggle Dropdown
2) фитосанитариялық есепке алу нысандары;
Toggle Dropdown
3) Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Фитосанитариялық нормативтер:
Toggle Dropdown
1. Пестицидтер (улы химикаттар) запасының фитосанитариялық нормативтері
Toggle Dropdown
| Аса қауіпті зиянды организмнің атауы | Болжанған алқаптың запас пайызы, дейін |
| Обыр шегіртке тұқымдастар | 30 |
| Астықтың сұр көбелегі | 30 |
| Қандала-зиянды бақашық | 30 |
| Гессен шыбыны | 30 |
| Жүгерідегі мақта көбелегі | 30 |
| Астық қоңыздары | 30 |
| Мақтадағы мақта көбелегі | 30 |
| Мақтадағы өрмекші кене | 30 |
| Қытайбұршақтағы өрмекші кене | 30 |
| Дәнді дақылдар аурулары (тат пен септориоз) | 30 |
| Сарышұнақтар мен тышқан тұқымдас кеміргіштер | 30 |
| Колорадо картоп қоңызы | 30 |
Toggle Dropdown
2. Дәнді дақылдар егісіндегі басым арамшөп өсімдіктерінің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер
Toggle Dropdown
| Атауы | Экономикалық зияндылық шегі, шаршы метрге дана |
| Біржылдық біржарнақты | Қара сұлы | 15-20 |
| Түкті тары | 25-50 |
| Күрмек тары | 40-50 |
| Көкшіл және жасыл мысыққұйрық | 60-80 |
| Біржылдық қосжарнақты | Егістік қыша | 12 |
| Шырмауық таран | 19 |
| Татар қарақұмығы | 7-11 |
| Кәдімгі қызылқұйрық | 10 |
| Егістік қанатжеміс | 18 |
| Көпжылдық біржарнақты | Жауқияқ | 3-6 |
| Жатаған бидайық | 3-6 |
| Көпжылдық қосжарнақты | Егістік сарықалуені | 2-3 |
| Дала шырмауығы | 4-5 |
| Татар сүттігені | 3-4 |
| Талшық сүттігені | 3-6 |
| Далалық қалуен | 3-4 |
Toggle Dropdown
3. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер
Toggle Dropdown
| Аса қауіпті зиянды организмдердің атауы | Аса қауіпті зиянды организмнің даму сатысы | Дақыл және (немесе) жерлер | Дақылдың даму кезеңі | Экономикалық зияндылық шегі (ЭЗШ) |
| Үйірлі обыр шегіртке тұқымдастар | | | | |
| итальяндық прус | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы жерлері | өсу кезеңі | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
| мароккалық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы жерлері | өсу кезеңі | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
| азиялық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы жерлері | өсу кезеңі | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
| Астықтың сұр көбелегі | жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тауарлық егістер) | сүттеніп пісу | 100 масаққа 15 жұлдызқұрттан артық – салқын ауа-райында, 20-дан артық – орташада және 30-дан артық – құрғақшылықта |
| жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тұқымдық егістер) | сүттеніп пісу | жоғарыда көрсетілген өлшемдер 2 есе төмен |
Қандала-зиянды бақашық | қыстаған қандалалар | күздік (жаздық) бидай | түптену | 1 шаршы метрге 1-2 қыстаған қандала, құрғақшылық жылдары бұл көрсеткіш 2 есе төмендейді (0,5-1,0) |
| дернәсілдер | жаздық бидай | гүлдеу-дән толысудың басы | 1 шаршы метрге 5 дернәсіл |
| дернәсілдер | жаздық бидай | сүттеніп пісу | 1 шаршы метрге 2 дернәсіл |
| Астық қоңыздары: кузька қоңызы, әдемі қоңыз, айқышты қоңыз | имаго | жаздық бидай | гүлдеу-дән толысудың басы | 1 шаршы метрге 3 қоңыздан артық |
| Гессен шыбыны | пупарий | бидай болған танаптар (аңыз) | егіске дейін | 1 шаршы метрге 5-10 және одан артық тіршілікке икемді пупарий |
| жұмыртқа | жаздық бидай | толық өскін- түптену | 30 %-дан астам жұмыртқалаумен жайланған өсімдіктер |
| Дәнді дақылдардың аурулары: септориоз, қоңыр тат | уредокезең | бидай (күздік, жаздық) | өсудің бірінші жартысы | орта қабаттағы жапырақтардың септориозбен 10-25, жоғарыдағы – 1-5-тен көп емес, қоңыр татпен, тиісінше 5-10 және 1 % залалданған жағдайда. Аурулар одан ерте пайда болса (түтіктенуге дейін) және қолайлы ауа-райы жағдайында бұл көрсеткіштерді 2-3 есе түсіруге, ал кеш пайда болса (сүттеніп пісу) – керісінше, көтеруге болады. аурудың 30 % дамуы |
| сары тат | уредокезең | бидай (күздік) | гүлдеу |
Мақтадағы өрмекші кене Соядағы өрмекші кене | жұмыртқа, дернәсілдер, имаго | мақта | шанақтанудың басы-пісудің басы | танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ) |
| жұмыртқа, дернәсілдер, имаго | соя | өсу кезеңі | өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық |
Мақтадағы мақта көбелегі Жүгерідегі мақта көбелегі | жұмыртқа, жұлдызқұрт | мақта | шанақтанудың басы-пісудің басы | 100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт |
| көбелек, жұлдызқұрт | жүгері | өсу кезеңі | бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл зиянкестің егістіктегі санының өте көптігіне сәйкес |
| Сарышұнақтар | | дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер | өсу кезеңі | егістерде және егістен 300 метрлік аймақта – 1 гектарға 5 аң, ал 2 км аймақта – 1 гектарға 15-20 аңнан артық |
| Тышқан тұқымдастар | | дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер | өсу кезеңі | 25 тұзаққа 3 кеміргіш ұстау (100 тұзаққа шаққанда – 12 %), сондай-ақ учаскеде жапалақтардың топталуы, ал солтүстік аймақта – сұртышқандардың қысқы қарасты ұяларының болуы |
| Колорадо картоп қоңызы | қоңыздар | картоп | өсімдіктің өсу кезеңіндегі биіктігі 15-25 см дейін | картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған |
| қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер | картоп | шанақтану кезеңі – гүлдену | түптердің 5-8 %-на қоныстанған, 1 өсімдікке 20 дернәсілден келеді |
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Toggle Dropdown
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру
және өткізу туралы есеп
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
| № | Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың және энтомофагтың атауы | Есепті кезеңнің басына қалған қалдық | Есепті кезеңде өндірілгені | Есепті кезеңде сатып алынғаны | Есепті кезеңде өткізілгені | Пестицидтер (улы химикаттар), биопрепараттар және энтомофагтар өткізілген субъектінің атауы | Есепті кезеңнің соңына қалған қалдық |
| барлығы | оның ішінде |
| импорт бойынша | елдің ішінде |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _____________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есеп
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
| № | Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың,энтомофагтың атауы | Есепті кезеңнің басындағы саны | Есепті кезеңде түскені | Есепті кезеңде жұмсалғаны | Өткізілді (өзге облыстарға берілгені) | Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» ______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға пестицидтерді (улы химикаттарды),
биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есеп
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
| № | Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың, энтомофагтың атауы | Есепті кезеңнің басындағы саны | Есепті кезеңде түскені | Есепті кезеңде жіберілгені | Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _____________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – жылдық
Кім тапсырады ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
___ жылға бүріккіш және дәрілегіш техниканың
бар-жоғы туралы есеп
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
дана (бірлік)
Toggle Dropdown
| № | Бүріккіш және дәрілегіш техниканың атауы | Есепті кезеңнің басындағы саны | Олардан жарамдысы | Есепті кезеңде келіп түскені | Есепті кезеңде есептен шығарылғаны | Есепті кезеңнің соңындағы саны |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _________________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – айлық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
___ жылғы ___ айына химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп
Toggle Dropdown
(қолы) (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
| № | Зиянды организмнің атауы | Ауыл шаруашылығы дақылының (жердің) атауы | Өңдеу алқабы, мың га | Орындаушылардың атауы (оларды тартқан жағдайда) | Бүріккіш (дәрілегіш) техниканың атауы | Пестицидтердің (улы химикаттардың) жұмсалғаны |
| түрі | маркасы | саны, дана | атауы | литр |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – айлық
Кім тапсырады ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
___ жылғы ___ айына химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсету
туралы есеп
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
| № | Зиянды организмнің атауы | Ауыл шаруашылығы дақылының (жердің) атауы | Өңдеу алқабы (көлемі), мың га, мың тонна | Қызмет көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың атауы | Бүріккіш (дәрілегіш) техниканың атауы |
| түрі | маркасы | саны, дана |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» ______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер
(улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есеп
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
| № | Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдысының атауы | Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдысын көмуге жеткізген жеке және заңды тұлғалардың атауы | Саны, тонна | Көмген күн | Бункердің нөмірі, тұрған орны | Ыдыстың жағдайы | Көмудің жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» _______________________
Фитосанитариялық есепке алу нысаны
Кезеңдігі – тоқсандық
Кім тапсырады _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, атауы және заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
___ жылғы ___ тоқсанға қойма жайларының бар-жоғы туралы есеп
Toggle Dropdown
Кезеңдігі – тоқсандық
Toggle Dropdown
(«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады)
Toggle Dropdown
| № | Жеке және заңды тұлғалардың - қойма жайлары иелерінің атауы | Тұрған орны | Санитарлық паспорттың болуы, №, берілген мерзімі мен күні | Қоймалардың алаңы, шаршы метр | Есепті кезеңнің басындағы қоймалардың бар-жоғы, дана | Есепті кезеңнің соңындағы қоймалар бар-жоғы, дана | Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезіндегі қалдық, литр |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Басшы ______________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Орындаушы _____________________ ________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Телефон _______________ _____ жылғы «___» ________________________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1394 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын:
Toggle Dropdown
1) қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
2) өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;
Toggle Dropdown
3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар тапсырады.
Toggle Dropdown
2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын табыс ету тәртібі
Toggle Dropdown
3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу субъектілері):
Toggle Dropdown
1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу;
Toggle Dropdown
2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы;
Toggle Dropdown
3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау;
Toggle Dropdown
4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы;
Toggle Dropdown
5) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын химиялық өңдеулер жүргізу;
Toggle Dropdown
6) химиялық өңдеу қызметін көрсету;
Toggle Dropdown
7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму;
Toggle Dropdown
8) қойма жайларының бар-жоғы бойынша фитосанитариялық есепті жүргізеді.
Toggle Dropdown
4. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері фитосанитариялық есепке алу нысандары бойынша уәкілетті орган ведомствосының аудандық аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аудандық аумақтық инспекциялар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысандар ұсынады.
Toggle Dropdown
5. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын субъектілер аудандық аумақтық инспекцияға фитосанитариялық есепке алу нысандарын есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде:
Toggle Dropdown
1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, энтомофагтарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
Toggle Dropdown
2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
Toggle Dropdown
3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
Toggle Dropdown
4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың саны туралы есепті қолында бүріккіш және дәрілегіш техника мен жабдық (ауыл шаруашылығы авиациясы, аэрозольдік генераторлар, атомайзерлік, штангалық, вентиляторлық бүріккіштер, бүріккіш және дәрілегіш техниканың өзге түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілері, жыл сайын 20 наурызға дейін;
Toggle Dropdown
5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті меншік өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 20 күніне дейін;
Toggle Dropdown
6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсететін фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 20 күніне дейін;
Toggle Dropdown
7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көмуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін;
Toggle Dropdown
8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 1 күніне дейін ұсынады.
Toggle Dropdown
6. Аудандық аумақтық инспекция фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитарлық есепке алуды жүргізеді, кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген нысандар бойынша уәкілетті орган ведомствосының облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – облыстық аумақтық инспекция) ұсынады.
Toggle Dropdown
7. Аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы фитосанитариялық есепке алу нысандарын облыстық аумақтық инспекциясына келесі есептің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде:
Toggle Dropdown
1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
Toggle Dropdown
2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
Toggle Dropdown
3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
Toggle Dropdown
4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті, жыл сайын жылғы 25 наурызға дейін;
Toggle Dropdown
5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 25 күніне дейін;
Toggle Dropdown
6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 25 күніне дейін;
Toggle Dropdown
7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін;
Toggle Dropdown
8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 күніне дейін ұсынады.
Toggle Dropdown
8. Облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы ұсынылған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді, кейіннен уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.
Toggle Dropdown
9. Облыстық аумақтық инспекцияның мемлекеттік инспекторы фитосанитариялық есепке алу нысандарын уәкілетті органның ведомствосына мынадай есептердің түрлері бойынша және мерзімдерде:
Toggle Dropdown
1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
Toggle Dropdown
2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
Toggle Dropdown
3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
Toggle Dropdown
4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті жыл сайын әр жылдың 1 сәуіріне дейін;
Toggle Dropdown
5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 30 күніне дейін;
Toggle Dropdown
6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан бастап қыркүйекке дейін, әр айдың 30 күніне дейін;
Toggle Dropdown
7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын көму туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін;
Toggle Dropdown
8) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.
Toggle Dropdown
10. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есепке алу нысандарын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген есеп түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады.