Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-1) әртараптандыру – зейнетақы активтерiн жоғалтып алу тәуекелін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген талаптарға сәйкес оларды түрлi қаржы құралдарына орналастыру;
2) баспасөз басылымы – тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;
2-1) біржолғы зейнетақы төлемі – осы Заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3-1) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының бір жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
4) ең төмен зейнетақы – республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерi;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
6) ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылар өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы;
7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – талаптарын салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайтын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
8) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын, жеке тұлға өз бетінше айқындайтын және оның қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
9) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен жүзеге асыратын жеке тұлға;
10) жеке зейнетақы шоты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;
10-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
11) жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы осы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес 1-бап 11-1 және 11-2-тармақшалармен толықтырылады (ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңының өзгерістерімен):
11-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына меншікті қаражаты есебінен агенттер аударған ақша;
11-2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшері;
12) зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
13) зейнетақы активтерi – зейнетақы төлемдерiн, аударымдарын қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
14) зейнетақы аннуитетi шарты – бір тарап (сақтанушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын (сатып алу сомасын) беруге мiндеттенетін, ал екінші тарап (сақтандыру ұйымы) сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенетін сақтандыру шарты;
15) зейнетақы жинақтары – шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;
15-1) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;
жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
еңбек сіңірген жылдары үшін – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға осы Заңға сәйкес төленетін ақша төлемі;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес 16-тармақшаның төртінші абзацы келесідей редакцияда әрекет етеді:Болашақ басылымның мәтінін көрсету (ҚР 20.06.2017 жылғы № 76-VІ Заңының өзгерістерімен):
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан – ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
17) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi тағайындалған жеке тұлға;
17-тармақша өзгертілді ҚР 17.03.2015 жылғы № 293-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2015 жылы № 52(28530) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
17-тармақша өзгертілді ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
17-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) инвестициялық декларация – инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiнің хеджирленуі мен әртараптандырылуы талаптарын айқындайтын құжат;
19) инвестициялық портфель – зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдарының жиынтығы;
19-1) инвестициялық портфельді басқарушы – «Бағалы қағаздар рыногы туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2014 жылғы № 156-V Заңымен (05.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
20-тармақша алынып тасталды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) инвестициялық табыс – зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған (алуға жататын) ақша;
22) кастодиан-банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті органның кастодиандық қызметке арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;
22-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23) кастодиандық шарт – кастодиан-банк пен оның клиентi жасасатын, кастодиандық қызмет көрсету бойынша клиентке көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсырма беру шарты;
23-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2014 жылғы № 156-V Заңымен (05.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
23-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушыдан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
1-бап 23-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.01.2014 жылғы № 156-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
23-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 287-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi – осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;