Toggle Dropdown
1
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 601 қаулысы
Toggle Dropdown
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған туу туралы куәлікті қорғауға қойылатынталаптар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 маусымдағы № 601
қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
1. Туу туралы куәлік бланкісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуге тиіс.
Toggle Dropdown
2. Туу туралы куәлік бланкісінде екіжақты мөр болады. Туу туралы куәлік бланкісі қазақтың оюлары, өрнектері қолданылып жасалған (ауданының кемінде 30 %-ы) жиекті рамкадан және тангерлік тордан тұрады.
Toggle Dropdown
3. Міндетті қорғаныш элементі ретінде биіктігі 250 мкм-ден аспайтын микрошрифт, сондай-ақ гильоштық элементтер пайдаланылады. Графикалық элементтерде сызықтықтан (штрихтік) басқа бейнелік құрылымдар болмайды.
Toggle Dropdown
4. Туу туралы куәлік бланкісі түпнұсқа сутамғы белгісі, арнайы қорғаныш дақтары бар, ақтығы 94-96 %, құрамында мақта немесе зығыр талшығының мөлшері жоғары сапалы қағазда жасалады, тығыздығы - 100-120 г/м 2 . Бейнелілігі - мөрдің әр жағында кем дегенде 4 бояу пайдаланылады. Бұл ретте температураның әсерінен өзінің түсі мен қанықтығын өзгертпейтін, түрлі түсті көшірмелеуге кедергі келтіретін пастельді қоспалары бар бояулар пайдаланылуы қажет.
Toggle Dropdown
5. Туу туралы куәлік бланкісінде қатты мұқаба және сыртында атауы жазылған бумвинилді қаптама болуы, біржақты мөрі бар жапсырылған қосымша парақ болуы тиіс.
Toggle Dropdown
6. Туу туралы куәлік бланкісінде жеті мәнді нөмір болады.