1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
Отправить по почте

Осы редакция 04.05.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 сәуірде № 6929 тіркелді
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына қосымша
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже
1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының13) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы органдар (бұдан әрі – диссертациялық кеңестер).
3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік бір жылға құрады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 (31.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Үлгі ережеге сәйкес ЖОО-лар диссертациялық кеңес туралы ережені әзірлейді және бекітеді.
5. Диссертациялық кеңес кеңестің төрағасынан, ғалым хатшыдан және кеңес мүшелерінен тұрады. Диссертациялық кеңестің құрамына кемінде 5 (бес) адам кіреді.
6. Диссертациялық кеңес құрылған ЖОО басшысы, Комитеттің қызметкерлері мен сараптамалық кеңесінің мүшелері диссертациялық кеңестің мүшесі бола алмайды.
7. Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар кемінде 3 (үш) маман қосылады. Осы ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдерінен, кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми ұйымдардың өкілдерінен болуы тиіс.
8. Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі.
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 (31.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
9. Диссертациялық кеңес өзінің қызметі туралы ақпаратты ЖОО-ның интернет-ресурсына орналастырады.
10. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес Комитетке осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарған жұмыстары туралы статистикалық есеп береді.
11. ЖОО диссертацияның кафедра мүшелерінің 2/3-інің (екіден үші), ғылыми кеңесшілер және тиісті мамандық бойынша кемінде 2 (екі) маманның қатысуымен диссертация орындалған кафедраның (кафедралардың) мәжілісінде талқылануын қамтамасыз етеді. Докторант даярлықтан өткен ЖОО диссертациялық кеңеске мынадай құжаттарды ұсынады:
1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін, отандық кеңесшінің пікірі);
2) кафедраның оң қорытындысы;
3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
4) еңбектерінің тізімі мен жарияланымдарының көшірмелері.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және диссертациялық кеңеске ұсынады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 Бұйрығымен (31.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
12. Докторант оқыған ЖОО-да оның мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істемейтін жағдайда осы ЖОО докторанттың осы Үлгінің 15-тармағында көрсетілген құжаттарын басқа ЖОО-да тиісті мамандық бойынша құрылған диссертациялық кеңеске жіберуді қамтамасыз етеді.
13. Құжаттар қабылданғаннан бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес қорғау күнін белгілейді және тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар екі рецензентті тағайындайды, олардың біреуі осы ЖОО-ның немесе докторант оқыған ЖОО-ның қызметкері болмауы тиіс. Осы ретте докторанттардың құжаттарының түсу кезегі ескеріледі.
14. Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады. Мыналар рецензент бола алмайды:
1) Комитет қызметкерлері;
2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторы;
3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың басшылары және бөлімшелерінің (кафедралардың, зертханалардың, бөлімдердің) қызметкерлері;
4) диссертациялық кеңестің мүшелері.
14-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 Бұйрығымен (31.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
15. Мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама Комитеттің және диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ЖОО-ның интернет-ресурстарында диссертацияны, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша аннотацияны және хабарландыру мәтінін орналастыра отырып, белгіленген қорғау күнінен бір ай бұрын жүзеге асырылады. Сонымен қатар диссертациялық кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дерек көзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына жібереді.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар және олардың қорғалуы туралы хабарлама интернет-ресурстарда орналастырылмайды.
Диссертацияның қағаз және электрондық тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі.
15-1. Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылғанда авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі және диссертация материалдарын көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.
15-1-тармақпен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 Бұйрығымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
16. Рецензент диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда аталған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар, ұсынымдар және практикалық құндылығы негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес пікірді рецензентке қосымша қарауға қайтарады немесе рецензентті ауыстырады.
Рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауынан кем дегенде 10 (он) күн бұрын беріледі.
16-тармақ өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрiнiң 18.05.2012 № 225 Бұйрығымен (31.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
17. Диссертациялық кеңестің төрағасы мен ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда олар диссертацияны қарастыру кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Олардың міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен Комитеттің келісімі бойынша кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
Төраға мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейнежазбаға түсірілуін және стенограммамен рәсімделуін қамтамасыз етеді.
18. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі), диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
Отырыста рецензенттердің 1 (біреуі) жоқ болған жағдайда диссертацияны қорғау өткізілмейді. Рецензенттерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.
19. Диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:
1) оң шешім қабылданған жағдайда – докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы Комитетке ұсыныс жасау;