1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 және "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1621 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысында:
«Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген 4.3.3-кіші бөлімде:
екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді айқындау өлшемдерін экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Әзірленген өлшемдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды, оны Бағдарлама операторына жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар айқындаған және экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесі ВАК-та бекітілетін болады.»;
алтыншы бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«соңғы үш жылда:
1) бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға;
2) республикалық маңызы бар қаланың шегінде, астанада және Қарағанды қаласында тұруға және жеке тұрғын үйі болмағандықтан, тиісті әкімдікте есепте тұруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйде тұруға тиіс;»;
он бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және (немесе) оны жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жүзеге асырады.»;
он екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және Қарағанды қаласында қызметтік тұрғын үй беру қаланың шегінде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін ғана көзделген.»;
он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шаршы метрінің құны жобалау-сметалық құжаттамада және Мемлекеттік сараптамада айқындалатын болады.»;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |