1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және "Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік өртке қарсы қызметі және кеден органдары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643 қпү қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 630 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат саныныңлимиттерінде:
3-бөлімде:
мына:
«
| мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 18180** 17426** |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 18180** 17406** |
»;
мына:
«
| Көкшетау техникалық институты, оның ішінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 170 138 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Көкшетау техникалық институты, оның ішінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 170 118 |
»;
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |