Toggle Dropdown
1
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 185 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 маусымда 8514 тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН :
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
Toggle Dropdown
бюджет түсімдерініңсыныптамасында:
Toggle Dropdown
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
Toggle Dropdown
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
Toggle Dropdown
4 «Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар» ішкі сыныбында:
Toggle Dropdown
19 «Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«19 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы»;
Toggle Dropdown
20 «Жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«20 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 24 және 25 ерекшеліктермен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«24 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы
Toggle Dropdown
25 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар қалада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы»;
Toggle Dropdown
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
Toggle Dropdown
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
Toggle Dropdown
5 «Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер» ішкі сыныбында:
Toggle Dropdown
04 «Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«04 Облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер»;
Toggle Dropdown
05 «Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалдаудан түсетін кірістер» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«05 Облыстың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 06, 07, 08 және 09 ерекшеліктермен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«06 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
Toggle Dropdown
07 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер
Toggle Dropdown
08 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
Toggle Dropdown
09 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер»;
Toggle Dropdown
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
Toggle Dropdown
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ішкі сыныбында:
Toggle Dropdown
05 «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«05 Облыстық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 53 және 54 ерекшеліктермен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«53 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
Toggle Dropdown
54 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алуларды қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
Toggle Dropdown
бюджет шығыстарының функционалдықсыныптамасында:
Toggle Dropdown
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
Toggle Dropdown
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
Toggle Dropdown
120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«009 Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізу».
Toggle Dropdown
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Toggle Dropdown
Министр Е. Досаев