Toggle Dropdown
1
Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалану үшін геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 маусымда № 8504 тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасының7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегінұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б. Нұрабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. «Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын басқа мақсатта пайдалануға геологиялық және/немесе тау-кендік жер бөлігін беру тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 16 ақпандағы № 74-Пбұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1087 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі Ә. Исекешев
Toggle Dropdown
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
____________ С. Мыңбаев
2013 жылғы 08 мамыр
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия жәнежаңа технологиялар
министрінің
2013 жылғы 18 сәуірдегі № 126
бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291- IV Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120қаулысымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасының7-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібін нақтылайды.
Toggle Dropdown
2. Барлауға және өндіруге геологиялық және тау-кендік бөлулерді конкурс жеңімпазына немесе конкурсты өткізбей жер қойнауын пайдалану құқығы берілген тұлғаға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.
Toggle Dropdown
2. Геологиялық бөлуді ұсыну
Toggle Dropdown
3. Геологиялық бөлуді ұсыну жер қойнауын пайдаланушыдан еркін нысанда жасалған өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Toggle Dropdown
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша немесе конкурсты өткізбей тікелей келіссөздер жүргізу хаттамасы бойынша конкурс комиссиясы шешімінің көшірмелері;
Toggle Dropdown
2) қысқаша геологиялық сипаттама;
Toggle Dropdown
3) бөлудің жалпы ауданын көрсете отырып, бұрыштық нүктелерд i ң географиялық координаттары;
Toggle Dropdown
4) көрнект i л i кт i қамтамасыз етет i н ауқымдағы геологиялық бөлуд i ң картограммасы.
Toggle Dropdown
5. Осы Нұсқаулықтың4-тармағында көзделген геологиялық бөлуді ұсынуға арналған құжаттар толық берілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтініші қаралмайды және ол келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмейтін мерзімде өтініш берушіге геологиялық бөлуді ұсынудан жазбаша дәлелді бас тартумен қайтарылады.
Toggle Dropdown
6. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тау-кендік бөлуді қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады. Бөлуді қайта ресімдеу осы Нұсқаулыққа4-тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Тау-кендік бөлуді ұсыну
Toggle Dropdown
7. Өтініш беруші уәкілетті органға тау-кендік бөлуді беруге өтінімді еркін түрде ұсынады.
Toggle Dropdown
Осы Нұсқаулыққа2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тау-кендік бөлуді ұсыну өтініш берушіден өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктермей жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Toggle Dropdown
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша немесе конкурсты өткізбей тікелей келіссөздер жүргізу хаттамасы бойынша конкурс комиссиясы шешімнің көшірмелері;
Toggle Dropdown
2) осы Нұсқаулыққа3-қосымшаға сәйкес ресімделген пайдалы қазбаларды өндіруге тау-кендік бөлу жобасы.
Toggle Dropdown
9. Осы Нұсқаулықтың8-тармағында көзделген тау-кендік бөлуді ұсынуға арналған құжаттар толық берілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтініші қаралмайды және ол келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге тау-кендік бөлуді ұсынудан жазбаша дәлелді бас тартумен қайтарлады.
Toggle Dropdown
10. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта беру тау-кендік бөлуді қайта ресімдеуің сөзсіз негізі болып табылады. Бөлуді қайта ресімдеу осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тау-кендік бөлудің жобасын ұсынусыз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Қатты пайдалы қазбаларды өнд i руге арналған тау-кенд i к бөлуд i ң шекаралары, тау жыныстарының ығысу аймағын, карьер кемер i аумағын және жер асты тау-кен қазылымдарының даму шекараларын, ашу қазылымдарының орналасуын ескере отырып, мемлекеттік теңгерімдегі қорлар контурларымен айқындалады.
Toggle Dropdown
12. Техногенд i к минералдық түзіл i мдерд i өнд i руге арналған тау-кенд i к бөлуд i ң шекаралары топогеодезиялық түсірумен анықталған, түзілімдерді қоймаға жинау шекараларымен айқындалады.
Toggle Dropdown
13. Тау-кенд i к бөлуд i ң шекарасына жер асты суларының ластануын, карьерге су ағынын бақылауға арналған қолда бар гидрогеологиялық ұңғымалар және тау-кен қазбалары енгізіледі.
Toggle Dropdown
14. Мұнай және газ кен орындарына арналған тау-кенд i к бөлуд i ң шекаралары бекітілген қорлардың, пайдаланылатын және су айдағыш ұңғымалардың сызбасымен айқындалады.
Toggle Dropdown
15. Егер кен орны бірнеше кен шөгінділерінен тұратын болса, олардың жоспардағы бекітілген қорларының шектері бірімен бірі үйлеспесеген жағдайда тұтас кен орнының барлық кен шөгінділерін қамтитын, жалпы шегі біртұтас сызбасы бар тау-кендік бөлуді ұсынуға рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
Б i р өнеркәс i пт i к алаңда мұнай және газ қабаттарын ек i немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушылармен игеруді кезінде тау-кенд i к бөлулер әрбір жер қойнауын пайдаланушыға рес i мделед i .
Toggle Dropdown
Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық/тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа 1 қосымша нысан
Toggle Dropdown
Жер қойнауын
пайдалануға арналған
№ _____ келісімшартқа
1-қосымша
Toggle Dropdown
________________
(пайдалы қазба түрі)
_______________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
20___ жылғы ________________
тіркеу №_______
Toggle Dropdown
«ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ» ММ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛУ
Toggle Dropdown
____________________________________________________ негізінде
Toggle Dropdown
(тікелей келіссөздер хаттамасы, құзыретті органның шешімі, келісімшартқа толықтыру)
Toggle Dropdown
______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)
Toggle Dropdown
жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін
Toggle Dropdown
______________________________________________________ берілді.
Toggle Dropdown
(жер қойнауын пайдаланушы)
Toggle Dropdown
Геологиялық бөлу ___________________________________ орналасқан.
Toggle Dropdown
(облыс, аудан)
Toggle Dropdown
Геологиялық бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден
Toggle Dropdown
№ ______________________ дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.
Toggle Dropdown
нүктелердің кейінгі нөмірлері
Toggle Dropdown
бұрыштық нүктелер | бұрыштық нүктелердің координаттары |
| солтүстік ендік | шығыс бойлық |
| гр. | мин. | сек. | гр. | мин. | сек. |
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Геологиялық бөлудің ауданы - ____________________ шаршы км (м.)
Toggle Dropdown
(жазбаша цифр)
Toggle Dropdown
Барлау тереңдігі (егер Құзыретті органмен айқындалса) _____ м.
Toggle Dropdown
Орган басшысы __________________________________________ Басшының Т.А.Ә., қолы, мөр
Toggle Dropdown
Астана қ., айы, жылы.
Toggle Dropdown
Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық/тау-кендік бөлуді ұсыну тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша
Toggle Dropdown
Жер қойнауын пайдалануға
арналған № ________
келісімшартқа
2-қосымша ________________
(пайдалы қазба түрі)
Toggle Dropdown
__________________(жер қойнауын пайдалану түрі)20___ жылғы ________________тіркеу №_______
Toggle Dropdown
«ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ» ММ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ ТАУ-КЕНДІК БӨЛУ
Toggle Dropdown
____________________________________________________ негізінде
Toggle Dropdown
(тікелей келіссөздер хаттамасы, құзыретті органның шешімі, келісімшартқа толықтыру)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)
Toggle Dropdown
жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін
Toggle Dropdown
______________________________________________________ берілді.
Toggle Dropdown
(жер қойнауын пайдаланушы)
Toggle Dropdown
Тау-кендік бөлу ____________________________________ орналасқан.
Toggle Dropdown
(облыс, аудан)
Toggle Dropdown
Тау-кендік бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден
Toggle Dropdown
№ _________________ дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.
Toggle Dropdown
(нүктелердің кейінгі нөмірлері)
Toggle Dropdown
бұрыштық нүктелер | бұрыштық нүктелердің координаттары |
| солтүстік ендік | шығыс бойлық |
| гр. | мин. | сек. | гр. | мин. | сек. |
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Тау-кендік бөлудің ауданы - ____________________ шаршы км (м.)
Toggle Dropdown
(цифрмен, жазбаша)
Toggle Dropdown
Игеру тереңдігі _____________________________________________ м.
Toggle Dropdown
қазу деңгейінің көкжиегі, тереңдігі, геология-стратиграфиялық шегі
Toggle Dropdown
Орган басшысы __________________________________________
Toggle Dropdown
Басшының Т.А.Ә., қолы, мөр
Toggle Dropdown
Астана қ.,
Toggle Dropdown
айы, жылы.
Toggle Dropdown
Пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге және жер қойнауын өзге мақсатта пайдалануға геологиялық/тау-кендік бөлуді беру тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша
Toggle Dropdown
Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған т ау-кендік бөлу жобасының мазмұны
Toggle Dropdown
1. Тау-кендiк бөлу жобасын жобалау жұмыстарына лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы жасайды және жер қойнауын пайдаланушы оны бекiтедi.
Toggle Dropdown
2. Тау-кендiк бөлу жобасы мәтіндік бөлім мен графикалық материалдардан тұрады және қағаз және электрондық түрінде беріледі.
Toggle Dropdown
3. Тау-кендiк бөлу жобасының мәтіндік бөлімі түсiндірме жазба мен мәтінге қоса берілетін құжаттардан тұрады.
Toggle Dropdown
4. Түсiндірме жазбада тау-кендiк бөлудiң қандай мақсатқа сұратылатыны көрсетiледi және мынадай деректер келтіріледі:
Toggle Dropdown
тау-кендiк бөлу жобасын дайындаған ұйымның атауы;
Toggle Dropdown
сұратылған тау-кендiк бөлудің аумағы туралы жалпы мәлiметтер (географиялық және әкiмшiлiк орналасу орны, аудан көлемi, ауыл шаруашылығы және орман жерлерiнiң сипаттамасы, құрылыстар, инфрақұрылым);
Toggle Dropdown
кен орнының қысқаша геологиялық сипаттамасы (қабаттардың, кен денелерінің өлшемдері және орналасу элементтерi), геологиялық құрылымы, тау-кен техникалық, гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық жағдайлары, шектес тау-кендік бөлулер туралы жалпы мәліметтер;
Toggle Dropdown
кен орнының барлануы, негiзгi және онымен бiрге шөгу, қабат, желi бойынша жеке орналасқан пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының мөлшерi, сапасы, кен орны ашық игерiлген кезде қазылатын жыныстарының да кен орындары туралы деректер;
Toggle Dropdown
тау-кендік бөлу ауданының (көлемін) есебі және тау-кендік бөлудің бұрыштық нүктелерінiң географиялық координаттары;
Toggle Dropdown
игеру тереңдiгi.
Toggle Dropdown
5. Тау-кендік бөлу жобасының мәтіндік бөліміне мынадай құжаттар қоса беріледі:
Toggle Dropdown
Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – ҚМК) немесе ұсынымдары бар Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссияның (бұдан әрі – ПӨК) пайдалы қазбалар қорын бекіту туралы хаттамасының көшірмесі;
Toggle Dropdown
тау-кендік бөлуді беру уақытына қорлардың жағдайы туралы ҚМК-нің (немесе ПӨК-тің) сараптама қорытындысының түпнұсқасы;
Toggle Dropdown
жобалауға арналған лицензияның көшірмесі;
Toggle Dropdown
тау-кендiк бөлудiң орналасу картограммасы. Көрнектiлiктi қамтамасыз ететiн масштабта орындалады.
Toggle Dropdown
Тау-кендiк бөлу жобасының мәтіндік бөлімі оны ұзақ мерзiм сақтауды қамтамасыз ететiн қатты түптемемен тапсырылады.
Toggle Dropdown
6. Графикалық материалдар шолу (ситуациялық) схемасынан, жер бетiнiң топографиялық картасынан, геологиялық карталардан және қималардан тұрады.
Toggle Dropdown
Топографиялық картада тау-кендiк бөлу ауданының жазық беткейге кескiндемесi, сұратылатын тау-кендiк бөлудің бұрыштық нүктелерінiң географиялық координаттары, игеру тереңдiгi (абсолюттік белгісі немесе геологиялық шегі) және кен орны ортасының географиялық координаттары көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Топографиялық жоспардың масштабы пайдалы қазбаларды өндiруге немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға белгiленген жер қойнауы учаскесінің көлемiне байланысты, бірақ оларда тау-кендiк бөлудiң шектерiн анықтау бойынша техникалық есептер мен есептеулерді айтарлықтай дәлдiкпен шешуге мүмкiндiк беретiндей масштабта қабылданады. Топографиялық жоспар жер қойнауын пайдаланушының қолымен және мөрімен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Геологиялық карталарда және қималарда:
Toggle Dropdown
кен орнының және оған іргелес жатқан аумақтың геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалар шоғырларының шектері, олардың жер бетiне немесе көмбелер астына шығуы, тектоникалық бұзылыстар, пайдалануға жарамсыз үзiлу, сүйiрлену орындары және басқа жер телімдері;
Toggle Dropdown
кен орнының және оған жақын орналасқан аумақтың гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары;
Toggle Dropdown
сұратылған тау-кендік бөлудің пайдалы қазбалар қорларын ауданы және тереңдiгі бойынша есептеу шектерi.
Toggle Dropdown
7. Көмiрдi өндiруге тау-кендiк бөлу жобасындағы геологиялық қималарда тау-кендiк бөлудiң жобаланған шегi бейнеленген барлық барланған қабаттар көрсетiледі.
Toggle Dropdown
Екi және одан да көп қабаттардан құралатын көмiрдi өндiруге арналған тау-кендiк бөлудiң шегi, ығысу бұрышын ескере отырып, ең шеткi бұрыштық нүктелердiң кескiндемелерi арқылы анықталады.
Toggle Dropdown
8. Мұнайды және газды өндiруге арналған тау-кендiк бөлу жобасында геологиялық карта орнына қажет дәлдiкпен техникалық мiндеттердi және тау-кендiк бөлу шектерiн анықтау есептерiн жүргiзуге мүмкiн масштабта қорлар шегi көрсетiлген әрбiр өнеркәсiптiк мұнай немесе газ көкжиегінің деңгейі бойынша құрылымдық картасы, мұнай-газдылығының бірлескен шектерінің жоспары, сондай-ақ өнiмдi свиталар мен көкжиек деңгейлерінің орналасу тереңдiгi көрсетiлген, құрылымдық картамен сәйкестелген геологиялық кескіндер берiледі. Барлық құрылымдық карталарға тау-кендiк бөлудің шектерi және геологиялық кескіндердің сызықтары түсіріледі.
Toggle Dropdown
9. Пайдалы қазбаларды геологиялық-технологиялық және басқа дәстүрлі емес тәсiлдермен (жер астында шаймалау, күкiрттi жер астында ерiту және т.б.) өндiруге арналған тау-кендiк бөлу жобасының мәтіндік бөлімі осы Нұсқаулықтың4-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа кен сыйыстырушы таужыныстарынан, үстiңгi және табандағы қабаттардан, олардың су сүзгiштiк қасиеттерiнен, басқа сулы көкжиек деңгейлерінен оқшаулануы жөнiнде қысқаша сипаттамадан, сондай-ақ жер астында шаймалауға қолданылатын реагенттердiң және алынатын технологиялық ерiтiндiлердiң сипаттамасынан тұрады.
Toggle Dropdown
10. Жер қойнауын пайдалы қазбаларды барлаумен және өндiрумен байланысты емес мақсатқа пайдалануға тау-кендiк бөлу жобасы Нұсқаулықтың4-тармағында көрсетiлген деректерге қосымша мыналарды:
Toggle Dropdown
жерасты құрылыстарын салу жобаланған жердегi пайдалы қазбалардың кен орындары, сондай-ақ тау-кендiк жұмыстар және пайдалы қазбаларды өндiруге және пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес мақсаттарға берiлген аралас тау-кендiк бөлулер жөнiндегi мәліметтерді;
Toggle Dropdown
егер тау-кендiк бөлу жойылған, консервацияланған, не пайдалы қазбаларды өндiрiп жатқан ұйымдардың пайдаланылған тау-кен қазылымдарын пайдалану үшiн сұратылған болса, бұл ұйым жөнінде, оның ішінде кен орнын ашу схемасы және игеру жүйесi, пайдалануға жататын тау-кен қазылымдары және бұрғылау ұңғымалары туралы қысқаша мәліметтерді;
Toggle Dropdown
тау-кендiк бөлудiң ауданы бойынша, сондай-ақ тiк белгілері бойынша, тау-кендiк бөлуге кiретiн жерасты кеңiстiгiнің көлемін анықтай отырып жүргізілетін тау-кендiк бөлу шегін негіздеуді және көлемін есептеуді құрайды.
Toggle Dropdown
11. Зиянды заттарды, радиобелсендi қалдықтарды және қалдық суларды жер қойнауына көмуге арналған тау-кендiк бөлуді алу үшiн мыналарды көрсету қажет: өнiмнiң атауы, нәтижесінде өнiм пайда болатын технологиялық өндiрiс немесе процесс, оның сипаттамасы (толық химиялық құрамы, улы компоненттердiң болуы, өрт-қопарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасы.
Toggle Dropdown
12. Мұнайды, газды жер астында сақтауға және зиянды заттарды, радиобелсендi қалдықтарды және қалдық суларды жер қойнауына көмуге арналған тау-кендiк бөлуді алу үшін тау-кендік бөлу жобасына аталған мақсаттарда пайдалануға жобаланған көкжиек деңгейінің үстіңгі жабындысы және асты бойынша құрылымдық карталар қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Топографиялық жоспарда пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу шегi көрсетiлуi керек.
Toggle Dropdown
13. Пайдаланылған, жойылған, консервацияланған немесе пайдалы қазбаларды өндiрiп жатқан ұйымдардың тау-кендік қазылымдарын пайдалануға арналған тау-кендiк бөлуді беру жобасына осы ұйымдардың тау-кендiк қазылымдарының сызбалары қоса берiледi, онда пайдалануға жобаланған қазылымдар көрсетiледi.