Toggle Dropdown
3
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 08.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Toggle Dropdown
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулығақосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
4
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
Toggle Dropdown
1. Бағдарлама паспорты
Toggle Dropdown
Бағдарламаның атауы | Жұмыспен қамту 2020 жол картасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы |
Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
Бағдарлама мақсаты | Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу |
Бағдарламаның міндеттері | Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту; кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту; атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. |
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері және кезеңдері | 1-кезең – 2013 – 2015 жылдар 2-кезең – 2016 – 2020 жылдар |
Нысаналы индикаторлар | Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр: 2016 жылға қарай: кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады; жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады; өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды. 2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады. |
Қаржыландыру көздері және көлемі | Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте: 2013 жылға – 102,9 млрд. теңге; 2014 жылға – 98,3 млрд. теңге; 2015 жылға – 94,6 млрд. теңге; 2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген. Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. |
Toggle Dropdown
2. Кіріспе
Toggle Dropdown
1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды арттыру және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.
Toggle Dropdown
Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бар қарқынымен әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты арттырылуда.
Toggle Dropdown
Дағдарыс қарсы реттеу тәжірибесі жинақталған. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Toggle Dropdown
Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.
Toggle Dropdown
Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Toggle Dropdown
Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингін жүргізу, табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.
Toggle Dropdown
3. Ағымдағы ахуалды талдау
Toggle Dropdown
2. 2001 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың соңында жұмыспен қамтылған халықтың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға дейін көбейді, ал жұмыссыздық деңгейі 12,8 %-дан 5,3 %-ға төмендеді.
Toggle Dropdown
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде:
Toggle Dropdown
1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың ішінде ең үлкен топ – 34 жасқа дейінгі адамдар;
Toggle Dropdown
2) 1,1 млн-ға жуық нәтижесіз жұмыспен қамтылған өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер (тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы шаруашылығында тек өзінің тұтынуы үшін өнім өндірумен айналысатын адамдар және отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері);
Toggle Dropdown
3) 2,8 млн. жұмыспен қамтылған адам жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылмаған және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды;
Toggle Dropdown
4) жұмыс орындарына тапшылық проблемасы ауылдық жерлерде аса өткір болып отыр. Бұл:
Toggle Dropdown
жұмыстардың маусымдық сипаты мен санаулы өндірістік базаға;
Toggle Dropdown
көліктік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның дамымағанына;
Toggle Dropdown
өткізу нарықтарынан шалғайлығына;
Toggle Dropdown
ауылда тұратын тұрғындар біліктілігінің төмендігіне;
Toggle Dropdown
қаржылық қызметтердің жеткілікті қолжетімді болмауына (ауылда екінші деңгейдегі банктер жоқ) байланысты.
Toggle Dropdown
Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары қолданылады. Олар:
Toggle Dropdown
еңбек ресурстарын дамытуды (кәсіптік даярлау және қайта даярлау);
Toggle Dropdown
жұмыс күшіне сұранысты ұлғайтуды (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру);
Toggle Dropdown
жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз етуді (жұмыспен қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);
Toggle Dropdown
еңбекке ынталандыруды күшейтуді (кәсіби бағдар, келісілген әлеуметтік көмек көрсету) болжамдайды.
Toggle Dropdown
Орын алған проблемаларды шешу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әлемдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндігін ескере отырып, осы Бағдарлама әзірленді.
Toggle Dropdown
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және нысаналы индикаторлары
Toggle Dropdown
1. Бағдарламаның мақсаты
Toggle Dropdown
3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.
Toggle Dropdown
2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
Toggle Dropdown
4. 2016 жылға қарай:
Toggle Dropdown
1) кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады;
Toggle Dropdown
2) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
Toggle Dropdown
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды;
Toggle Dropdown
2020 жылға қарай күтілетін нәтижелер индикаторлары Бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
Toggle Dropdown
5. Бағдарлама шеңберінде:
Toggle Dropdown
1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар: 2013 жылы – олардың санынан 3,0 %, 2014 жылы – 3,8 % және 2015 жылы – 6,1 %;