• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 06.03.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.06.2012 № 738 Қаулысымен. (01.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 14 наурыздағы
 № 254 қаулысымен
 бекітілген
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның       «Өнімділік 2020» бағдарламасы  атауы  
Әзірлеу үшін        «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік  негіздеме           қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012                      жылғы 9 қаңтардағы Заңы және «Қазақстан                      Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық                      дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған                      мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан                      Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының                      күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан                      Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19                      наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік                      бағдарлама)
Әзірлеуші           Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа                      технологиялар министрлігі 
Бағдарламаның        Экономиканың басым секторларында  мақсаты              еңбек өнімділігін арттыру жолымен өнеркәсіптік                       кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бағдарламаның        1. Кәсіпорындар қолданып жүрген басқару және  міндеттері           өндірістік технологияларды жетілдіру
              2. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту                       (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге                       қабілетті жаңа өндірістерді құру
Іске асыру           2011 - 2020 жылдар  мерзімдері           1-кезең - 2011 - 2014 жылдар, 2011-пилоттық,
              2-кезең - 2015 - 2020 жылдар
Нысаналы             Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру  индикаторлар         мақсатында 2020 жылға дейін мынадай нысаналы                       индикаторларға қол жеткізіледі: Бағдарламаға                       қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының                       еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту
Қаржыландыру         2011 жылғы республикалық бюджетте 19,9 млрд.
көздері              теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және                       қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіруге                       арналған шығыстар тиісінше Қазақстан                       Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы
              № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291                       қаулыларымен бекітілген «Қазақстан                       Республикасында инновацияларды дамыту және                       технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі
              2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада» және                       «Елдің 2020 жылға дейін ғылыми-технологиялық                       дамуының салааралық жоспарында» көрсетіліген.
              Республикалық бюджеттен келесі жылдарды                       қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге тиісті                       бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады
2. Кіріспе
«Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 23-ші пленарлық отырысының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 01-8.1 хаттамасын іске  асыру шеңберінде әзірленген.
Бағдарлама Дүниежүзілік банктің әдістемелік қолдауымен әзірленді және Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру құралдарының бірі болып табылады.
Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді ендіру, қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіру және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті  жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші  дәрежелі міндет болып табылады.
Бұл ретте, еңбек тиімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, күшті бренд, персоналдың біліктілігі, өткізу нарығының тартымдылығына қол жеткізу, бәсекелі ортаның сапасы, өнімдерді немесе қызметтерді шебер жылжыту және сату қабілеттілігі де әсер етеді. Бұдан басқа, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу мәселелерінде менеджменттің рөлі басты болып табылады.
Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, тиісті Бағдарламаны әзірлеу арқылы қазіргі заманғы басқару және энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің, кәсіпорындарды жаңғыртудың және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құрудың жүйелі құралдарын қабылдау қажет.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
мемлекет Бағдарлама әкімшісі (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) және арнайы белгіленген комиссиялар және кеңестер арқылы мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
қажет болғанда Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі құжаттарды мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісуді Бағдарлама операторы «бір терезе» қағидаты бойынша орындайтын болады;
Бағдарлама шеңберінде оның бір қатысушысына Бағдарлама құралдарын кешенді ұсынуға жол беріледі.
Бағдарламада пайдаланылатын ұғымдар:
ведомствоаралық комиссия - кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық комиссия - орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, даму институттарының өкілдері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен Бағдарлама әкімшісінің жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Бағдарлама операторы - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы;
құрал операторы - мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынатын, жарғылық капиталында мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға;
өтінім беруші - Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаның іске асырылуына қызығушылығы бар кәсіпкерлік субъектісі;
қатысушы - Бағдарламаға қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы Бағдарлама операторының оң сараптамалық бағалауы бар кәсіпкерлік субъектісі;
инвестициялық жобаның кешенді жоспары - қажетті экономикалық, техникалық, басқару және өзге де құжаттама пакеті;
басқару және өндірістік технологиялар - белгілі бір алгоритм бойынша түрлі бейінді кәсіпорындарда орындалатын немесе өндірісті және еңбек өнімділігін тиімді ұйымдастыруды арттыруға бағытталған ғылымның, техниканың және қоғамның жалпы жетістіктерін пайдалана отырып ақпараттық, есептеушілік, ұйымдастырушылық, өндірістік және логикалық іс-қимылдардан тұратын басқару және өндіріс үдерістерін орындау жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар кешені.
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.09.2011 № 999 Қаулысымен. (14.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Ағымдағы жағдайларды талдау
Мемлекеттік бағдарлама экономиканың әртараптануы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін, оның шикізаттық емес секторларын жедел дамытуды көздейді.
2010 жылы Қазақстанның өнеркәсібі тұрақты өсу қарқынын көрсетеді. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) көлемі 8 733 001, 3 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,0%-ға өсті. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында ЖІӨ-дегі тауарлар өндірісі мен қызметтер өндірісінің үлесі тиісінше 40,5%-ды және 56,8%-ды құрады. ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті - 32,0%-ды өнеркәсіп құрайды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 жылғы қаңтар-тамыздағы қолданыстағы бағаларының 7467,6 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,9 %-ға көп. Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өндіріс 5,8 %-ға, өңдеуші өнеркәсіпте 19,1 %-ға, электрмен қамту, газ беру, бу және ауа желдеткіші 7,6%-ға өсті. Тамақ өнімдері мен мұнайды қайта өңдеу, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, металлургия, химия өнеркәсібінің өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Өндірістің өсуі республиканың 15 өңірлерінде байқалады.