1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы бекітілсін.
Отправить по почте
Осы редакция 21.05.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 Қаулысы
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібі "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен белгіленеді.
3. Қағида қолдану мерзімі күнтізбелік бір жылдан асатын тұрақты жолаушылар және багаж тасымалына берілетін шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану және шетелдік рұқсаттарды беру тәртібін айқындайды.
Қағида меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылады.
1) автобустар, шағын автобустар;
2) жүк автомобильдері (олардың тіркемені қосқанда рұқсат етілетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тіркемені қосқанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);
3) мамандандырылған автомобильдер (белгілі бір жүк түрін тасымалдауға арналған);
4) арнайы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған).
4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлік құралын жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретін құжат;
2) жолсапар - автокөлік құралдарының жөнелту пунктінен межелі пунктіне жүруі және жөнелту пунктіне кері оралуы;
3) жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі - Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретін құжат;
4) қосымша өтінім - жылдық өтінімге қатыспаған немесе жылдық өтінімде шетелдік рұқсаттардың белгілі бір түрін және қажетті санын көрсетпеген отандық тасымалдаушы берген шетелдік рұқсаттарды алуға өтінім;
5) отандық рұқсат - рұқсат беру құжаты, оның негізінде халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды, сондай-ақ үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті жүзеге асырылады;
6) рейс - автокөлік құралдарының жөнелту пунктінен межелі пунктіне дейін жүріп өтуі;
7) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдік рұқсат, үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат, арнайы рұқсат);
8) рұқсат бланкілерімен алмасу квотасы (бұдан әрі - алмасу квотасы) - шет мемлекеттермен алмасу үшін келісілген шетелдік рұқсаттардың саны;
9) транзиттік жүріп өту (транзит) - жөнелту және межелі пункттері осы мемлекеттің аумағынан тыс орналасқан мемлекеттің аумағы арқылы жүкпен немесе жүксіз автокөлік құралдарының жүріп өтуі;
10) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.02.2013 № 138 қаулысымен (05.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдау - автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын екі мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау;
12) шетелдік рұқсат - рұқсат беру құжаты, оның негізінде халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды, сондай-ақ үшінші елдерге (ден) тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының тиісті шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіру (шығу), мемлекеттің аумағы арқылы транзиті жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.02.2013 № 138 қаулысымен (05.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуіне рұқсат беру жүйесі Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрі - Келісім) және осы Қағидада айқындалады.
5-1. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), шет мемлекеттің аумағы арқылы транзиті мынадай түрлердегі шетелдік рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) жүк тасымалына арналған шетелдік рұқсаттар;
2) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар;
3) күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар.
Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 15.02.2013 № 138 қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде мыналар қажет:
1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен "А" түрінің рұқсаты;
2) тура және кері бір рейсті орындауға құқығы бар жолаушылар мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезінде "В" түрінің рұқсаты;
3) тура және кері бір рейсті орындауға құқығы бар жүк автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде "С" түрінің рұқсаты.
"А", "В", "С" түріндегі рұқсаттар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
2. Шетелдік рұқсаттарды айырбастау квотасын анықтау және үлестірілу тәртібі
7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің көліктік бақылау аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттарға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.
8. Жыл сайын 10 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдерді қабылдайды.
Жылдық өтінімде:
1) отандық тасымалдаушының атауы;
2) қызметтің түрі;
3) заңды мекенжайы;
4) ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат беру куәлігінің4) ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат беру куәлігінің және (немесе) лицензиялардың, рұқсат беру карточкасының нөмірі;
5) тасымалдың түрі;
6) тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, елдер және орындалатын тасымалдардың түрлері бөлінісінде шетелдік рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |