Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 747 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістербекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 296-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесінде:
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тізілім – тіркелуі туралы қажетті мәліметтерді қамтитын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін химиялық өнімнің тізбесі;»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган өтініш түскен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және химиялық өнімді тіркеу немесе тіркеуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Химиялық өнім туралы мәліметтерді тізілімге енгізу химиялық өнімді тіркеудің және есепке алудың қорытынды кезеңі болып табылады және химиялық өнімді тіркеу немесе дәлелді бас тарту туралы куәлік беріле отырып сүйемелденеді.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (06.06.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.02.2014 жылғы № 155 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулысына қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.02.2014 жылғы № 155 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |