Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 587 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.03.2014 жылғы № 175 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (07.06.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 991-құжат):
1-тармақта:
1), 3) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді айқындау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 587 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысымен бекітілген
«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 көрсетеді, ол сондай-ақ «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz немесе «Е лицензиялау» www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 11) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның www.memst.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті органның ғимаратындағы ақпараттық тақталарда және стенділерде;
3) порталда орналасады.
5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі порталда уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанында немесе уәкілетті органның кеңсесінде қағаз тасығышта сәйкестікті растау, аккредиттеу бойынша сарапшы-аудитор аттестатын (бұдан әрі – аттестат) және/немесе тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша біліктілік аттестатын (бұдан әрі – біліктілік аттестаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігі үшін жағдайлар жасалған уәкілетті органның ғимаратында;
2) порталда – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті алушы аттестат алу үшін мынадай құжаттарды береді:
уәкілетті органда:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтердің нысаны;
4) жеке тұлғаның сарапшы аудиторлыққа кандидатты аттестаттаудың мәлімделген саласында мына жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы: өнім мен қызметтер – 5 (бес) есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда); жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні тағылымдамалар туралы менеджмент жүйесі (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу және олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда), аккредиттеу (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу және олар туралы есептер құруды қоса алғанда) – 4 (төрт) есеп; персонал – персоналды сертификаттау жөніндегі органда тағылымдамадан өту (кемінде 3 есеп) бойынша есеп береді;
порталда:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мәліметтері бар өтініш;
2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) жеке тұлғаның сарапшы аудиторлыққа кандидатты аттестаттаудың мәлімделген саласында мына жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы: өнім мен қызметтер – 5 (бес) есеп (түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда); жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні тағылымдамалар туралы менеджмент жүйесі (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу және олар бойынша есептер жасауды қоса алғанда), аккредиттеу (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысу және олар туралы есептер құруды қоса алғанда) – 4 (төрт) есеп; персонал – персоналды сертификаттау жөніндегі органда тағылымдамадан өту (кемінде 3 есеп) (сканерленеді және алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |