1. Қоса берiлiп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 14.03.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттiк мекемелерi – аумақтық бөлімшелерінiң және оның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2011 № 900 Қаулысымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007 № 1004 қаулысымен (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007 № 1004 қаулысымен (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007 № 1004 қаулысымен (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi, Көші-қон полициясы комитеті, Жол полициясы комитетi және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ведомстволары бар.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2006 № 313, 30.09.2010 № 1009, 02.08.2011 № 900 Қаулыларымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiкті сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері бойынша мемлекеттік басқару, қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру, күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, ішкі істер органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер және заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша анықтауды жүзеге асыру болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.08.2011 № 900 Қаулысымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
6. Министрліктің штат санының лимитін оның аумақтық органдары мен мемлекеттік мекемелерінің санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің құрылымы мен штат санын Министрмен келісілгеннен кейін жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам бекітеді.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.10.2007. № 1004 (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.09.2009. № 1431 Қаулысымен. (12.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
9. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрлiктiң жалауы, туы және рәмiзi болады.
11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
2-тарау жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.10.2007. № 1004 (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
12. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) қоғамдық тәртіпті сақтауды және қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған шаралар әзірлейді;
3) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне, мемлекеттік органдарға республикадағы қылмысқа қарсы күрестің, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат береді;
5) мемлекеттік органдарды және өзге ұйымдардың қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы күрес, құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою мәселелері жөніндегі қызметін, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарына тосқауыл қою, жол қозғалысы қауіпсіздігін, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
6) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;
7) қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
8) ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадрлық саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
9) криминалдық, әкімшілік полицияның және ішкі істер, Ішкі әскерлер органдарының, әскери-тергеу органдарының, әскери полицияның, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің өзге де қызметтерінің және көліктегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
10) криминалдық, әкімшілік полицияның және полицияның өзге қызметтерінің, сондай-ақ Ішкі әскерлердің, әскери полицияның және әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
11) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, Ішкі әскерлерінің, әскери полициясының, әскери-тергеу органдарының қызметін үйлестіру мен ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
12) өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша жалпыреспубликалық және өңірлік жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша ұйымдастыру басшылығын жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше және әскери жағдай енгізілген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) авария, өрт, табиғи апат салдарын жою кезінде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;