• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 27.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі 
N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілді.
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін беру 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жүзеге асырылады.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 14.09.2010 № 265 Бұйрығымен (24.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 13 -20, 33 –44 қосымшалар 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұйрықтың 5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Әділет министрінің 13.10.2008 № 273; өзгертілді 14.09.2010 № 265 Бұйрықтарымен (28.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Министр
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2007 жылғы 12 сәуірдегі
 N 112 Бұйрығымен
 бекітілген
Барлық мәтіндер бойынша "Тіркеу қызметі" деген сөздерден кейін "және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылды, "электрондық деректер банкі", "бірыңғай электрондық деректер банкі", "электрондық деректер банкісін" сөздері "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімі" және "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімін" сөздерімен өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.08.2008 № 235, 13.10.2008 № 273 Бұйрықтарымен.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық 1. Осы Нұсқаулықты реттеудің мәні
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, құрылатын, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, соның ішінде діни бірлестіктерді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі қызметін реттейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 14.09.2010 № 265 Бұйрығымен (24.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің ұғымы және мақсаты
2. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Субъектілердің заңды тұлға құқығын иеленуінің ресми айғағы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне заңды тұлға туралы деректердi енгiзу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) берілген мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгі болып табылады.
Есептік тiркеу субъектілерге заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Субъектілердің заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігі құқығын иеленуінің ресми айғағы филиалдар мен өкілдіктердің мемлекеттік тізіліміне заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) туралы деректердi енгiзу және БСН-і берілген есептік тiркеу туралы куәлiгі болып табылады.
Тiркеу барысында заңды тұлғаны құрудың, филиалды немесе өкiлдiкті ашудың мақсатқа сай екендігі назарға алынбайды, оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiн бақылау және оған араласу көзделмейді.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді құру және қызметін тоқтату фактісін растау;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған және өзінің қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу;
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ақпаратты (қызмет немесе коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты қоспағанда) өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтер:
уәкiлеттi органның жазбаша рұқсатының негiзiнде Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелер деректерiн өзектiлiк жағдайда ұстау мақсатында тiркеушi органдарға;
заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
қылмыс және өзге де құқық бұзушылық үшiн жауаптылық белгiлеу туралы iстердi қарау барысында соттарға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мәлiмет беретін жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
Жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімінсіз басқа тұлғаға беруге болмайды.
Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік дерекқорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат жеткізгіштерді жоғалтуға, сол сияқты қызметтік іс-әрекетіне байланысты аталған ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдарды оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 13.10.2008 № 273; 14.09.2010 № 265 Бұйрықтарымен (28.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
4. Мемлекеттiк тiркеуге олардың құрылу мақсаттарына, олардың қызметінің түрiне және сипатына, қатысушылардың (мүшелердің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлға құқығын алмай-ақ есептік тіркеуге жатады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді (Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығының заңды тұлғаларын - қатысушыларын қоспағанда) есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитеті (бұдан әрі - Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитеті) банктерді, республикалық және аймақтық мәртебемен қоғамдық бірлестіктерді (сонымен бірге барлық саяси партияларды), шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарының филиалдары және өкілдіктерін, республикалық және аймақтық мәртебемен діни бірлестіктерді, "мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін және таратылуын тіркеуін) қамтамасыз етеді.
Тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті тіркеуге жататындардан басқасы) тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) облыстардың және Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттерінің аудандық (қалалық) бөлімдерін (басқармаларын) қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 3 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары жүзеге асырады.
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді және жергілікті діни бірлестіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуына тіркеуді) облыстардың, Астана мен Алматы қаласының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 14.09.2010 № 265, 30 (24.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз).01.2012 № 27 Бұйрықтарымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін)
5. Тіркеуші органдар құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді қамтитын заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - Тіркелім) және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін (бұдан әрі - Тізілімі) жүргізеді.
Уәкілетті орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу тіркеуші органдардың заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы уәкілетті органға ұсынған деректерін есепке алу және өзектендіру арқылы жасалады.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
6. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін тіркеуші органға:
осы Нұсқаулыққа 49 (14 ) қосымшаға сәйкес нысанда өтініші, сондай-ақ өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 58, 62, 66 (33, 37, 41 ) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініштер;
осы Нұсқаулыққа 1 қосымшаға сәйкес құрылтай және басқа да құжаттар тізбесі;
заңды тұлғаның басшысын және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелері ұсынылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қол қойылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында қарастырылған тәртіпте тіркеуші органға ұсынылады. Мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар) мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тізімін ұстаушылардың белгісі бар өтініш тапсырады.
Құрылтай құжаттары мемлекеттік және орыс тілдерінде тапсырылады және өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісінің өтініші байланған және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.
Қызметiнiң айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсаты қосымша талап етiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді. Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi (бар болуы) туралы салық органының анықтамасы және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің көшірмесі табыс етiледi.
Жаңа коммерциялық емес ұйымдарды құрумен, қызметімен, қайта ұйымдастырумен және таратумен байланысты ерекшеліктер заңнамалық актілермен реттеледі.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Әділет министрінің 13.10.2008 № 273, өзгертілді - 24.02.2010 № 63; 14.09.2010 № 265 Бұйрықтарымен (28.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
6-1. Саяси партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сонымен қатар осы нұсқаулықтың 45 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламаны табыс етеді: