• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 19.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі 
N 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4625 болып енгізілді.
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" және "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бизнес-сәйкестендіру нөмірін беру 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жүзеге асырылады.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 14.09.2010 № 265 Бұйрығымен (24.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа 13 -20, 33 –44 қосымшалар 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұйрықтың 5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Әділет министрінің 13.10.2008 № 273; өзгертілді 14.09.2010 № 265 Бұйрықтарымен (28.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Министр
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің
 2007 жылғы 12 сәуірдегі
 N 112 Бұйрығымен
 бекітілген
Барлық мәтіндер бойынша "Тіркеу қызметі" деген сөздерден кейін "және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылды, "электрондық деректер банкі", "бірыңғай электрондық деректер банкі", "электрондық деректер банкісін" сөздері "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімі" және "заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркелімін" сөздерімен өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.08.2008 № 235, 13.10.2008 № 273 Бұйрықтарымен.
Нұсқаулық пен қосымшалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.02.2013 жылғы № 68 бұйрығымен (30.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 06.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) Қазақстан Республикасы аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын, қайта тіркелетін, таратылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару жөніндегі қызметін нақтылайды.
2. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттiк (есептік) тiркеу:
мемлекеттік (есептік) тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi;
бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн (бұдан әрі - БСН) бере отырып, мемлекеттiк (есептік) тiркеу туралы анықтама беруді;
заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне (бұдан әрі - Ұлттық тізілім) енгiзудi қамтиды.
Тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылуының, филиал мен өкілдікті ашудың мақсатқа сай екендігі туралы мәселе назарға алынбайды, оның өндірістік-шаруашылық қызметін бақылауға алу және оған араласу мақсат етіп қойылмайды.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердi құру, есептік қайта тіркеу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу және қызметiн тоқтату фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және есептік тіркеуден шығарылған филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
Ұлттық тiзiлiмді жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
4. Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда) жүзеге асырады.
Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, сонымен қатар, саяси партияларды, шетел және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және таратуды тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Комитетте тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті облыстардағы аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.
5. Тіркеуші орган құрылған, қайта ұйымдастырылған және таратылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтері бар Ұлттық тізілімді қалыптастырады.
Ұлттық тізілімді жүргізу заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді есепке алу және өзекті ету арқылы жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
6. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларын, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу үшін тіркеуші органға:
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтініші, сондай-ақ өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін осы Нұсқаулыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініштер;
2) осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес құрылтай және басқа да құжаттар тізбесі ұсынылады;
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қол қойылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында қарастырылған тәртіпте тіркеуші органға ұсынылады.
Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;
2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерін) Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашатын заңды тұлғалар үшін тіркеуші органға 6-қосымшаға сәйкес Ұлттық тізілімнен үзіндісі ұсынылады.
8. Акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттары, сондай-ақ, өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісін (шағын кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тіркеу туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады және нотариалды куәландырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде тігілген және нөмірленген түрде үш данада ұсынылады.
9. Акционерлік қоғамдардың жарғыларын, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың жарғылары, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелері мемлекеттік тіркеуге ұсынылмайды.
10. Қызмет мәні қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, қосымша Ұлттық Банкінің рұқсаты талап етіледі.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
11. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға Интернет желісі арқылы берілген электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш «электрондық үкіметтің» (www.egov.kz) веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.
Тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
12. Саяси партияларды құру үшін саяси партияларды құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес хабарлама ұсынады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңының 6-бабына сәйкес нысандағы саяси партияларды құру ниеті туралы тіркеуші органға: