"2010 - 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 685 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. «2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – жобалық офис) есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы мынадай мазмұндағы реттiк нөмірлері 38-1, 38-2, 38-3, 38-4, 38-5-жолдармен толықтырылсын:
реттiк нөмірлері 55, 56 және 57-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов