Осы редакция 02.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 Қаулысы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 шілдедегі
№ 912 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын (бұдан әрі – беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды.
1) мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қатысушы өндірушілерді қоса алғанда, өздерінің сұйытылған мұнай газын жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне;
3) сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өз мұқтаждықтары үшін сатып алатын адамдарға қолданылмайды.
Осы адамдар тобы бойынша сұйытылған мұнай газының көлемдері тиісті өңірдің балансында және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша жоспардан тыс ретінде ескеріледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) газ желісі ұйымы – газ толтыру станциясын (пунктін), топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
3) өңір – газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана;
4) газ желісі ұйымының өтінімі – газ желісі ұйымының белгілі бір кезеңге сұйытылған мұнай газына деген қажеттілік туралы осы Қағидаларда белгіленген нысандағы жазбаша өтініші.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
5. Беру жоспарын Қазақстан Республикасының ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган ай сайын әзірлейді.
6. Беру жоспарын уәкілетті орган жоспарланған жылдың алдындағы айдың жиырма бесінен кешіктірмей бекітеді және осы мерзімде ол берушіге, өңірлердің әкімдеріне, газ желісі ұйымдарына жіберіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
7. Беру жоспарына сәйкес өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы аккредиттелген газ желісі ұйымдарына беріледі.
2. Өңірлер мен газ желісі ұйымдарының өтінімдерін беру және қарау тәртібі
8. Беру жоспары газ желісі ұйымдары алдағы күнтізбелік айға уәкілетті органға беретін өнімдердің негізінде әзірленеді.