Toggle Dropdown
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 06-7/92 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 шілдеде № 8535 тіркелді
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабының2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдары бекітілсін.
2. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 06-7/92 бұйрығымен бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар
жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдары
1. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдары:
мемлекеттік тілде – «Егемен Қазақстан»;
орыс тілінде – «Казахстанская Правда».
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдары:
мемлекеттік тілде – «Арқа ажары»;
орыс тілінде – «Акмолинская правда»;
мемлекеттік тілде – «Ақтөбе»;
орыс тілінде – «Актюбинский вестник»;
мемлекеттік тілде – «Жетісу»;
орыс тілінде – «Огни Алатау»;
мемлекеттік тілде – «Алматы ақшамы»;
орыс тілінде – «Вечерний Алматы»;
мемлекеттік тілде – «Астана ақшамы»;
орыс тілінде – «Вечерняя Астана»;
мемлекеттік тілде – «Атырау»;
орыс тілінде – «Прикаспийская коммуна»;
7) Шығыс Қазақстан облысы:
мемлекеттік тілде – «Дидар»;
орыс тілінде – «Рудный Алтай»;
мемлекеттік тілде – «Ақ жол»;
орыс тілінде – «Знамя труда»;
9) Батыс Қазақстан облысы:
мемлекеттік тілде – «Орал өңірі»;
орыс тілінде – «Приуралье»;
мемлекеттік тілде – «Орталық Қазақстан»;
орыс тілінде – «Индустриальная Караганда»;
мемлекеттік тілде – «Қостанай таңы»;
орыс тілінде – «Костанай - Агро»;
мемлекеттік тілде – «Сыр бойы»;
орыс тілінде – «Кызылординские вести»;
мемлекеттік тілде – «Маңғыстау»;
орыс тілінде – «Огни Мангистау»;
мемлекеттік тілде – «Сарыарқа самалы»;
орыс тілінде – «Звезда Прииртышья»;
15) Солтүстік Қазақстан облысы:
мемлекеттік тілде – «Солтүстік Қазақстан»;
орыс тілінде – «Северный Казахстан»;
16) Оңтүстік Қазақстан облысы:
мемлекеттік тілде – «Оңтүстік Қазақстан»;
орыс тілінде – «Южный Казахстан».