1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Осы редакция 04.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6103 болып енгізілді
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін, сондай-ақ осы Ережеде көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (С.К.Көкебаев) ішкі істер органдарының байланыс арналары бойынша көлік құралдары мен жүргізушілер куәлігіне ақпарат және мәліметтер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С.Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж.Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Қ.С.Тыныбеков) жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Баймағанбетов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына 1-қосымша
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу тәртібін айқындайды.
Осы Ереже басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасына 2 айдан артық мерзiмге уақытша әкелiнген көлiк құралдарының жекелеген түрлерін ішкі істер органдарының жол полициясы (бұдан әрі – ІІО ЖП) бөлiмшелерінде тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді.
2. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу оларды жол қозғалысына, оның ішінде халықаралық қозғалысқа қатысуға жіберу үшін негіз болып табылады, сондай-ақ көлік құралы иесінің меншік құқығын растайды.
3. Осы Ереже бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу объектілері "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18-бабының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген механикалық көлік құралдары, автомобильдермен бірге қозғалысқа арналған тіркемелер болып табылады.
4. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - көлік құралдарын тіркеу) - осы Ережеге сәйкес көлік құралдарын есепке қою, шығару, тіркеу белгілерін және олардың жол қозғалысына қатысуына рұқсатын растайтын басқа да құжаттарды беру жөніндегі заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын ІІО ЖП қызметі.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (бұдан әрі - МТНБ) – бұл көлік құралына берілген және уәкілетті органның деректер базасында тіркелген оған белгіленген реттік сәйкестендіру нөмірі. Бұл түсінік "Транзит" нөмірлік белгілеріне де қатысты.
Көлік құралдарын тіркеудегі өзгеріс – заңнамада белгіленген құқықтық негіздер болғанда есепке алу деректері мен көлік құралдарының құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
тіркеу пункті – заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге жатқызылған көлік құралдарын тіркеу жөніндегі заңды рәсімдерді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының бөлімшесі;
тіркеу құжаттары - көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсатын растайтын құжат болып табылатын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - КҚТК);
көлік құралының меншік иесі (меншік иесінің өкілі) - көлік құралының меншік иесі болып табылатын не оны сенімхат бойынша иеленетін жеке адам немесе заңды тұлға;
техникалық регламент – "Көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысы;
техникалық құжат – көлік құралдарының оның техникалық параметрлеріне сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын құжат;
агрегат – көлік құралының қозғалтқышы не шанағы.
5. Көлік құралдарын тіркеу олардың конструкциясының, техникалық жай-күйі мен жабдықтарының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін, оларды қолдану, алу, пайдалану, иеліктен шығару, кәдеге жарату, орталықтандырылған және өңірлік есебін қамтамасыз ету тәртібінің сақталуын ІІО ЖП-ның бақылауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Көлік құралдарын сатып алу және иеліктен шығару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүргізіледі.
6. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына тиесілі көлiк құралдарын тiркеуге қолданылмайды.
7. Көлiк құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат етуді жүзеге асыру мақсатында олардың иелерi сатып алудан, кедендік ресімдеуден, есептен шығарудан кейін тіркеу немесе көлік құралдарын тіркеуге өзгерістер енгізу жөніндегі рәсімдерден өту үшін тіркеу пункттеріне әкеледі.
8. Тiркеуге бөлiнген кезеңде көлiк құралын тіркеу әрекеттерін жүргізу алдында оны тексеруге әкелу мақсатында тіркеу пунктіне бару үшін ғана және мiндеттi түрде транзиттiк нөмірлермен пайдалануға рұқсат етiледi.
9. Дайындалған көлік құралдарының конструкциясы, оның ішінде олардың құрамдас бөліктерінің, қосымша құрал-жабдық заттарының, қосалқы бөлшектердің және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде заттардың конструкциясы белгіленген стандарттардың, ережелердің, техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек.
10. Қолданыстағы заңнамалық актілерді бұза отырып, конструкциясына белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістер енгiзiлген көлiк құралдары тiркеу әрекеттерін жүргізуге қабылданбайды.
11. Көлiк құралдарына (нөмірлiк агрегаттарға) меншік құқығын растайтын, тiркеу әрекеттерін жүргізу үшін ұсынылған құжаттар мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
құжатты берген күнi;
мәміленің мәні мен шарттары (мемлекетті органның шешімі);
тараптардың мекен-жайы, деректемелері және қолдары (заңды тұлғалар үшiн - мөрмен расталған қолдар);
көлiк құралы туралы мәлiметтер (маркасы, моделi, модификациясы (типi);
шығарылған жылы, әлемдік өндірушінің сәйкестендіру коды (WMI) – көлік құралының көліктік нөмірі сәйкестендіру нөмірінің бірінші бөлімі (VIN) көлiк құралын шығарушыны білдіреді. WMI коды осы өндірушіні сәйкестендіру мақсатында көлік құралын шығарушыға беріледі. WMI кодының қалған бөлімдерімен бірге пайдалану кезінде әлемнің барлық мемлекеттерінде соңғы 30 жыл ішінде шығарылған көлік құралдары үшін оның қайталанбауын қамтамасыз етеді;
шассидің (раманың), шанақтың (колясканың, тiркеменің) түсi, реттік өндірістік нөмірі;
өндіруші зауыттың қабылдау-тапсыру актісінің (көлік құралы паспортының), сәйкестік сертификатының, тіркеу құжатының сериясы, нөмірі және оларды берген ұйымдардың атауы.
12. Тiркеу әрекеттерін жүргізуге өшiрiлген немесе қосып жазылған, сызылған сөздерi немесе түсінік берілмеген басқа да түзетулерi бар, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттар қабылданбайды. Көрсетілген құжаттардың мәтiнi анық және айқын жазылуы тиiс. Азаматтардың тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жерінің мекен-жайы (тіркелген тұрғылықты жері), ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартусыз және мекен-жайы дәл көрсетiлуге тиiс. Осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, тiркеу әрекеттерін жасау үшін ұсынылатын құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ тiркеу пункттерi беретін тiркеу және өзге де құжаттардың көшiрмелерi түпнұсқаны айырбастай алмайды.
13. Көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректемелерi Жол жүрісі туралы конвенциясының талаптарына сәйкес латын әлiппесiнiң әрiптерiмен қайталанады. Тiркеу құжаттарындағы жазбалар жазу құрылғыларын пайдалана отырып, қара түстi пастамен жазылады.
Тіркеу әрекеттерін жасау мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында қарастырылған.
14. Басқа тiлде жазылған көлiк құралдарына меншік құқығын растайтын құжаттар мен тiркеу әрекеттерін жүргізу үшін ұсынылған өзге де құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылған болуы керек және бір тілден екіншісіне аударудың дұрыстығы туралы нотариустың не осындай нотариалдық әрекеттер жүргізуге құқығы бар басқа лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылған болуы тиіс.