• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2023 г

Отправить по почте

"Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 698 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2023 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде:
5-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін кемінде 70 балл, ал «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов