• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2018 г

Отправить по почте

"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 701 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2018 жылғы № 895 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мынадай емтихандар бойынша:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.»;
13, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс; араб тілін білу талап етілетін мамандықтарға түсуші тұлғалар үшін араб тілі бойынша);
2) мамандық бойынша тапсырады.»;
«19. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
Араб тілі емтиханды ауызша немесе жазбаша нысандарда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.»;
20-тармақ алынып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов