Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 шілдеде № 8549 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 30.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 211) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Toggle Dropdown
1. Мыналар бекітілсін:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа2-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.А. Құдайбергеноваға) бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдануын;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Toggle Dropdown
Министр Е. Досаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастыру мен ұсыну тәртібін регламенттейді.
Toggle Dropdown
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Есеп мемлекеттік органдардың қызметінің анықтығын және есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметті көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырады.
Toggle Dropdown
4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу – жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпарат жинау, талдау және ұсынымдар әзірлеу жөніндегі қызметі;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау – көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет;
Toggle Dropdown
6) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі;
Toggle Dropdown
7) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Toggle Dropdown
2. Есепті қалыптастыру тәртібі
Toggle Dropdown
орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі негізгі бағыттары туралы;
Toggle Dropdown
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру, автоматтандыру бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметінің нәтижелері туралы;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс тетігі туралы (соның ішінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізілген тыңдалымдар саны);
Toggle Dropdown
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Toggle Dropdown
6. Есеп үшін ақпараттар көзі:
Toggle Dropdown
1) статистикалық деректер;
Toggle Dropdown
2) уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізген «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері;
Toggle Dropdown
6) көрсетілетін қызметті алушылар сұрауларының нәтижелері болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
7. Есепті әзірлеу кезінде қолданылған ақпарат мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:
Toggle Dropdown
1) шынайылық (мониторинг процесінде алынған деректердің нақталығын тексеру мүмкіндігімен деректерді жинау тәсілі және өңдеу қолданылады);
Toggle Dropdown
2) салыстармалылық (әртүрлі мерзімдегі кезеңдегі салыстырмалы деректер қолданылады);
Toggle Dropdown
3) объективтілік (бірнеше тәуелсіз көздерден алынған деректер қолданылады);
Toggle Dropdown
4) экономикалық (деректерді алу ақпаратты жинаудың қолданыстағы әдістерін қолдана отырып минималды мүмкін болатын шығындармен жүргізіледі);
Toggle Dropdown
5) болжамдылық (стратегиялық жоспарларда, бағдарламаларда, іс-шаралар жоспарларында және тағы басқаларында бар индикаторлар, көрсеткіштер қолданылады);
Toggle Dropdown
6) толықтылық (есепке деректерді тексеру және талдау дайындау үшін қолданылатын барлық ақпараттар көздерінің тізбесі қоса беріледі).
Toggle Dropdown
8. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері есепті қалыптастыру кезінде таблицаларды, диаграммаларды, таныстырылымдарды, фотоларды, слайдтарды қолданады.
Toggle Dropdown
9. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері «электрондық үкімет» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей осы бұйрықпен бекітілген үлгі нысанға сәйкес алдыңғы жылға есебін орналастыру қажет.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Toggle Dropdown
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны;
Toggle Dropdown
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;
Toggle Dropdown
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;
Toggle Dropdown
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны.
Toggle Dropdown
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Toggle Dropdown
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Toggle Dropdown
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.