1. Қoca берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi бекітілсін.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840 қаулысы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қoca берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн:
2-тармақта 2) тармақша алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың он бiрiншi абзацында "қатынастар бойынша" деген сөздерден кейiн "заң жобаларының тұжырымдамаларын және" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi
1. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне (бұдан әрi - Үкiметтiң Регламентi) сәйкес заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
2. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау қызметiн жүзеге асыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:
заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеу;
Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзу;
заң жобаларының тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) қарау;
жұмыс тобын құру. Жұмыс тобының құрамына міндетті түрде «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің, белгілі бір құқық саласындағы тиісті ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері енгізіледі, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын және ғылымның тиісті салаларының ғалымдарын тарту ұсынылады;
заңнамалық кесiмдердiң жобаларын даярлау;
заңнамалық кесiмдер жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу;
Үкіметтiң Регламентiне сәйкес мемлекеттiк органдармен заң жобаларын келiсу;
заңнамалық актілердің жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру;
заңнамалық кесiмдер жобаларын жетілдiргенде тұжырымдамалық өзгерiстер енгiзілген жағдайда қосымша ғылыми сараптама жүргiзу;
заң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу;
заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталарында қарау кезiнде оларды ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетiлген кезеңдердiң әрқайсысында заң жобалау қызметiн жүзеге асыру уәкiлеттi органның заң қызметiнiң басшысымен келiсiлуi тиiс.
Заң сараптамасын жүргізу үшiн келiсуге жiберген кезде заң жобасының әр парағына уәкiлеттi органның заң қызметiнiң басшысы қол қояды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2006 № 172, 20.03.2007 № 217, 25.12.2009 № 2206, 23.06.2010 № 632, 16.09.2011 № 1067 Қаулыларымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Уәкілетті органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының келесі екі жылға арналған перспективалық жоспарын орындау үшін Мемлекет басшысының тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламаларды, Үкіметтің шешімдерін, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін ескере отырып, сондай-ақ үш жылдық кезеңге арналған бюджетке сәйкес әзірлейді.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезеңінде уәкілетті органдар заң жобаларын әзірлеуге арналған бюджеттік өтінімді ұсынумен бір уақытта оларды әзірлеудің орындылығы тұрғысынан Комиссияның қорытындысын ұсынады.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 16.09.2011 № 1067 Қаулысымен. (27.05.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Заңнамалық кесiмнiң жобасы Комиссия мақұлдаған оның тұжырымдамасына қатаң сәйкестiкпен әзiрленуi тиiс.
5. Комиссия:
1) қолданыстағы заңнамада реттелiп қойған құқықтық қатынастарды регламенттеудi көздейтiн;
2) құқықтың негiз қалаушы қағидаттарына қайшы келетiн;
3) реттеу мәнi Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көрсетiлген қоғамдық қатынастарға сәйкес келмейтiн заң жобаларының тұжырымдамаларын мақұлдамайды.
6. Заң жобаларының барлық тұжырымдамалары бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне енгізген сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген талаптарға тұжырымдаманың сәйкестiгiн көрсететiн алдын ала қорытынды дайындайды. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қорытындысын Комиссия заң жобасының тұжырымдамасымен және заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысымен бiрге қарайды.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2007. № 217, 04.06.2009. № 822 қаулыларымен. (15.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Заң жобасының тұжырымдамасын әзiрлеудi уәкiлеттi орган қажет болған кезде заң жобалау қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдарды, бiлiмнiң әртүрлi салаларындағы мамандарды тарта отырып жүзеге асырады. Жаңа редакциядағы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеген кезде заң жобасының тұжырымдамасымен бірге оның алдын ала мәтінін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына енгізу қажет.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (04.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде әзірлеуші:
құқықтық реттеудің тиісті саласында қолданылып жүрген заңнаманы талдауы, қазіргі құқықтық тетіктердің (олар болған жағдайда) тиімділігінің жеткіліксіз болу себептерін анықтауы, заңнамадағы олқылықтарды, қайшылықтарды, ескірген нормаларды не ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген актілердің болуын, қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолданбау себептерін анықтауы;
экономикалық, социологиялық, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты зерделеуі, қорытуы және талдауы, нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың болжамды әлеуметтік, қаржы-экономикалық, экологиялық, құқықтық, криминологиялық және өзге де салдарына, актіні қабылдауға байланысты белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастардың ықтимал үрдістері мен даму нұсқаларына зерттеу жүргізуі;
қажетті қаржы-экономикалық есептемелер жүргізуі;
шетелдік тәжірибені зерделеуі, салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуі қажет.
8-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.06.2009. № 822 Қаулысымен. (20.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Заң жобасының тұжырымдамасы осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша жазылуға тиіс.
Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының ережелері, мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкіметтің шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелері, қоғамдық өмірдің тиісті салаларында және аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасы, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар, бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған ақпарат ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Заңды қабылдау қажеттілігі туралы куәландыратын дәлелдерді баяндау нақты, келеңсіз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнамамен жеткілікті жасалмаған байланысын тиянақты түрде орнататын болуы тиіс. Дәлелдемелер ретінде орын алған жағдайдың қысқаша мән-жайын, заң нормаларын қолданудың дұрыстығы, қорытындылар мен ұсыныстар туралы пікірді көрсете отырып, практикадан мысал келтіру қажет.
Әлеуметтік салдарларды болжау кезінде актіні қабылдаудың жалпы қоғамның, сондай-ақ оның жекелеген әлеуметтік топтарының дамуына әсер етуіне, білім беру және халықты жұмыспен қамту деңгейіне, қоғамның әлеуметтік құрылымына, денсаулық сақтау қызметінің қол жетімділігіне, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға ықпалына және басқа да салдарларға талдау жүргізіледі.
Қаржы-экономикалық салдарларды болжау кезінде актіні қабылдауға байланысты:
республикалық және жергілікті бюджеттен тікелей және жанама шығыстар;
құқық қолданушылар мен актінің нормаларын іске асырудың өзге де субъектілерінің шығыстары;
республикалық және жергілікті бюджеттің кірістері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың кірістері;
өзге де шығыстар мен кірістер, сондай-ақ өзге де экономикалық әсер (бәсекенің дамуына ықпалы; кредиттік ресурстардың қол жетімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу және басқа да салдарлар) бағаланады.
Экологиялық салдарларды болжау кезінде актіні қабылдау нәтижесінде қоршаған ортаға ықпал ететін әсердің бағыты, сипаты және деңгейі бағаланады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |