Toggle Dropdown
5
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 03.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiруқағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға 1,2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
4
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) биометриялық сәйкестендіру – жеке басты физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде сәйкестендіретін шаралар кешені;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
Toggle Dropdown
3) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
Toggle Dropdown
6) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй).
Toggle Dropdown
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және пайдаланылатын объект түсініледі;
Toggle Dropdown
7) тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
Toggle Dropdown
8) қызметтік тұрғынжай – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;
Toggle Dropdown
9) қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй;
Toggle Dropdown
10) жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
Toggle Dropdown
11) тұрғынжайдың қалдық құны – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
Toggle Dropdown
12) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш берген тұлға;
Toggle Dropdown
13) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
Toggle Dropdown
14) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
Toggle Dropdown
15) бюджеттік ұйымдар – мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
Toggle Dropdown
16) ведомстволық тұрғынжай қоры – мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;
Toggle Dropdown
17) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімінің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
Toggle Dropdown
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлері, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде 10 (он) жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
Toggle Dropdown
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
Toggle Dropdown
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
Toggle Dropdown
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғынжайларға теңестiрiлген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Toggle Dropdown
Ғарыш қызметі саласында 15 (он бес) жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіреді.
Toggle Dropdown
Қызметтiк тұрғынжайға теңестiрiлген тұрғынжай берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Toggle Dropdown
4. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары мен судьялар, мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттік сайланбалы қызметте болған мерзімін қоса алғанда) кемінде 10 (он) жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай:
Toggle Dropdown
1) ұйымның таратылуы, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына;
Toggle Dropdown
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына;
Toggle Dropdown
3) зейнеткерлікке шығуына;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты негіздер бойынша тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, олар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Toggle Dropdown
Қызметтік тұрғынжай берілген жұмыскер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қызметтік тұрғынжайда кемінде 5 (бес) жыл тұрған болса, олар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Toggle Dropdown
5. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен 10 (он) жыл және одан көп болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды немесе жекешелендіруге жататын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Toggle Dropdown
Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен 20 (жиырма) жыл және одан көп болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды немесе жекешелендіруге жататын қызметтік тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Toggle Dropdown
Құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде аталған, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген немесе қызметтік тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Toggle Dropdown
Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе әскери қызметші қызмет өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда аталған қаза болған (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайды немесе қызметтік тұрғынжай алуға және оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Бірнеше жалдаушы тұратын тұрғынжайды барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi.
Toggle Dropdown
7. Мыналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды меншігіне өтеусіз алады:
Toggle Dropdown
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Тұрғынжай берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
Toggle Dropdown
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Toggle Dropdown
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
Toggle Dropdown
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
Toggle Dropdown
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған әскери қызметшілер;
Toggle Dropdown
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
Toggle Dropdown
7) мыналар:
Toggle Dropdown
еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен 20 (жиырма) жыл және одан көп болған;
Toggle Dropdown
еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен 10 (он) жыл және одан көп болған және жасына қарамастан мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар.
Toggle Dropdown
Әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған, тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны өтеусіз жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
Toggle Dropdown
8) өз-өзіне қол жұмсау (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда), қылмыстық құқық бұзушылық жасау, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан қаза тапқанды (қайтыс болғанды) қоспағанда, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің отбасы мүшелері;
Toggle Dropdown
9) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
Toggle Dropdown
10) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар.
Toggle Dropdown
8. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін тұрғынжайды жалдаушы Заңда көзделген шарттарда және осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жалдаушы оны кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып жекешелендiреді.
Toggle Dropdown
10. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) бөлек-бөлек жасалған жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға беріліп, осы жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспейтін болса;
Toggle Dropdown
2) уақытша құрылыстардағы;
Toggle Dropdown
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
Toggle Dropdown
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
Toggle Dropdown
5) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан;
Toggle Dropdown
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумағында орналасқан;
Toggle Dropdown
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
Toggle Dropdown
8) бұзылуға тиіс;
Toggle Dropdown
9) ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайлар жекешелендірілмейді.
Toggle Dropdown
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, кадеттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендірілмейді.
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы, мұның тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруге қатысы жоқ, бұл тетік азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруынан бас тарту үшін негіз болмайды.
Toggle Dropdown
Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыз немесе одан аз үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Toggle Dropdown
12. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
Toggle Dropdown
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы 5 (бес) жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса;
Toggle Dropdown
4) біржолғы тұрғын үй төлемдерін, ақшалай өтемақы алса немесе тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі
Toggle Dropdown
13. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешімді мыналар қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары.
Toggle Dropdown
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Toggle Dropdown
14. Тұрғынжайды жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.
Toggle Dropdown
15. Тұрғынжайды жекешелендіру тәртібімен меншігіне алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар) талаптарына сәйкес құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынады.
Toggle Dropdown
16. Тұрғын үй комиссиялары өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дауыс беру жолымен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.
Toggle Dropdown
Құжаттар тұрғын үй комиссиясының қарауына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылған болса, тұрғын үй комиссиясының құрамы порталда қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Тұрғын үй комиссиялары дауыс беру және шешім қабылдау үшін тізілімнің веб-порталына кіруді ЭЦҚ-ны пайдалана отырып немесе жеке басын биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
17. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайды жекешелендіруден Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тартады.
Toggle Dropdown
18. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғынжайды беретін орган тұрғынжайдың қалдық құнын:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттiк мекемелер «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығына;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептейді.
Toggle Dropdown
19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік кәсіпорындар немесе мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беру «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншікті бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына (бұдан әрі – Беру қағидалары) сәйкес беру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тізілімнің веб-порталын пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тізілімнің веб-порталын пайдалану арқылы электрондық нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
20. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы қабылданған шешім туралы және Беру қағидаларына сәйкес ресімделген мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) туралы мәліметтерді жұмыс органы тізілімнің веб-порталына тұрғынжайға құқықтар құқықтық кадастрда қайта тіркелген күннен бастап үш күндік мерзімде енгізеді.
Toggle Dropdown
21. Тұрғынжайды беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғынжайды коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде сонымен бір мезгілде өтініш берушіге төленуге тиіс сома көрсетілген тұрғынжайдың құны туралы анықтама беріледі.
Toggle Dropdown
22. Жекешелендіруге жататын тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып немесе жеке басын биометриялық сәйкестендіру арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады.
Toggle Dropdown
Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасасудан бас тартылған не оны белгіленген мерзімде жасамаған жағдайда бұрын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілген тұрғынжай күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде республикалық меншікке қайтарылуға жатады.
Toggle Dropdown
23. Тізілімнің веб-порталы арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жергілікті бюджетке төленуге тиіс тұрғынжайдың құнын төлейді.
Toggle Dropdown
Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларды, яғни еңсерілмейтін күш жағдайларын (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ ұрыс қимылдарын қоспағанда, көрсетілген мерзімде тұрғынжайдың құны төленбеген кезде жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт бұзылған кезде күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (жалға беруші) мен өтініш беруші (жалдаушы) арасында жазбаша нысанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Toggle Dropdown
24. Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.
Toggle Dropdown
25. Тұрғынжайды жекешелендiретiн өтініш берушілер тұрғынжайдың құнын бөліп төлей алады.
Toggle Dropdown
Қалдық құны 15 (он бес) миллион теңгеден аз тұрғынжай 10 (он) жылға дейінгі мерзімге бөлiп төлеуге беріледі.
Toggle Dropdown
Қалдық құны 15 (он бес) миллион теңгеден асатын тұрғынжай 15 (он бес) жылға дейінгі мерзімге бөлiп төлеуге беріледі.
Toggle Dropdown
Тұрғынжайды жекешелендiретiн өтініш берушілер күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде тұрғынжайды жекешелендiру туралы шартта белгiленген тұрғынжай құнының кемiнде 10 (он) пайызы мөлшерiнде бастапқы жарна енгiзедi.
Toggle Dropdown
Тұрғынжай құнын бөліп төлеу шарттары мен мерзімдері тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бөліп төлеуді ескергендегі төлемнің жалпы сомасы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылатын тұрғынжайдың құнын төлеу графигінде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларды, яғни еңсерілмейтін күш жағдайларын (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ ұрыс қимылдарын қоспағанда, көрсетілген мерзімде тұрғынжайдың құны төленбеген кезде жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт бұзылған кезде күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (жалға беруші) және өтініш беруші (жалдаушы) арасында жазбаша нысанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Toggle Dropdown
26. Тұрғынжайды бөліп төлеу жолымен жекешелендіру туралы шешімді белгіленген тәртіппен алғаннан кейін өтініш берушінің жұмыс орнының өзгеруі оның көрсетілген шешім бойынша тұрғынжайды жекешелендіру құқығын одан әрі іске асыруына әсерін тигізбейді.
Toggle Dropdown
27. Өтініш берушіден алынған төлемнің сомасы тұрғынжай құнының жартысынан артық болған жағдайды қоспағанда, өтініш беруші тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта көзделген төлем графигі бойынша тұрғынжайдың құнын 6 (алты) ай қатарынан төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендiру туралы шартты бiржақты тәртiппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Тұрғынжайдың құнының жартысынан көбін төлеген өтініш беруші график бойынша тұрғынжай құнын 6 (алты) ай бойы төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты бұзбай, берешекті сот тәртібімен өндіріп алады.
Toggle Dropdown
28. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт өзінің бастамасы бойынша бұзылған кезде не төлем графигі бойынша тұрғынжай құны 6 (алты) ай қатарынан төленбеген жағдайда тұрғынжайдың құнын өтеу үшін енгізілген сома өтініш иесіне қайтарылады, одан тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалып, ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем сомасы шегеріледі. Бұл сома жеткіліксіз болған кезде өтініш иесі тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалып, ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем сомасындағы айырманы өтейді.
Toggle Dropdown
Өтініш берушімен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт бұзылған кезде бұрын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілген тұрғынжай күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде республикалық меншікке қайтарылады.
Toggle Dropdown
29. Тұрғынжайды жекешелендіру шарты екі данада жасалады, оның біреуі жергілікті атқарушы органда сақталады, екінші өтініш берушіге беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
берілетін тұрғын үйлерді
жекешелендiру
қағидаларына қосымша
Toggle Dropdown
Тұрғынжайды жекешелендіру туралы № ____ үлгі шарт
Toggle Dropdown
20__ жылғы «___» ____________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(әкімшілік-аумақтық бірліктің және елді мекеннің атауы)
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________________________атынан
Toggle Dropdown
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Toggle Dropdown
бұдан әрі «Меншік иесінің өкілі» деп аталатын __________________________________________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын азамат
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
(бұдан әрі – «Тараптар» аталып) төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
Toggle Dropdown
1-тарау. Шарттың мәні
Toggle Dropdown
1.1. (Бұл тармақ тұрғынжайды оның құнын өтеп алған жағдайда толтырылады).
Toggle Dropdown
1) мына мекенжай бойынша орналасқан:
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________________________________;
Toggle Dropdown
тұрғынжайға меншік құқығын Меншік иесінің өкілі береді, ал Сатып алушы және онымен үнемі бiрге тұратын, оның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерi
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(отбасы мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
оның құнын 20__ жылғы «___» _________ дейін төлейді (тұрғынжай құны бөліп төленген жағдайда төлем осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша жүргізіледі) және оны бірлескен ортақ меншікке алады;
Toggle Dropdown
2) тұрғынжай:
Toggle Dropdown
жалпы ауданы _____________ м2 , оның ішінде тұрғын ауданы _____________ м2 , тұрғын емес ауданы _____________м2 ;
Toggle Dropdown
3) тұрғынжайды меншігіне алған соң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес Сатып алушыға өтеді;
Toggle Dropdown
4) тұрғынжай құны ____________________________________________ теңге сомасында деп белгіленеді;
Toggle Dropdown
(цифрлармен және жазумен)
Toggle Dropdown
5) Сатып алушы тұрғынжай құнын ___________________________________________ теңге сомасында
Toggle Dropdown
(цифрлармен және жазумен)
Toggle Dropdown
күнтізбелік отыз күн ішінде төлейді, бұл 20__ жылғы «__» _____ № ____
Toggle Dropdown
______________________________________________
Toggle Dropdown
(түбіртек, шот-фактура немесе төлем туралы чек)
Toggle Dropdown
құжатпен расталады не осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша тұрғынжай құнын _______ жылға дейінгі мерзіммен бөліп төлейді;
Toggle Dropdown
6) тұрғынжайға меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген күнінен бастап туындайды.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұрғынжай құнының толық төленуі тұрғынжайға меншiк құқығының туындауы үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
1.2. (Бұл тармақ тұрғынжай өтеусіз берілген жағдайда толтырылады).
Toggle Dropdown
1) мына мекенжай бойынша орналасқан:
Toggle Dropdown
____________________________ тұрғынжайға меншік құқығын Меншік иесінің өкілі береді, ал
Toggle Dropdown
Сатып алушы және онымен үнемі бiрге тұратын, оның
Toggle Dropdown
ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелері ___________________________________________
Toggle Dropdown
(отбасы мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
ортақ бірлескен жеке меншікке алады;
Toggle Dropdown
2) тұрғынжай:
Toggle Dropdown
жалпы ауданы _____________ м2 , оның ішінде тұрғын ауданы _____________ м2 , тұрғын емес ауданы _____________ м2 ;
Toggle Dropdown
3) тұрғынжайды меншігіне алған соң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес Сатып алушыға өтеді;
Toggle Dropdown
4) тұрғынжай құны ________________________________________________ теңге сомасында
Toggle Dropdown
(цифрлармен және жазумен)
Toggle Dropdown
белгіленеді;
Toggle Dropdown
5) тұрғынжайға меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген күнінен бастап пайда болады.
Toggle Dropdown
Осы Шартқа Тараптардың қол қоюы тұрғынжайға меншік құқығының пайда болуына негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
2.1. Меншік иесінің өкілі:
Toggle Dropdown
1) Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларды, яғни еңсерілмейтін күш жағдайларын (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ ұрыс қимылдарын қоспағанда, өтініш беруші тұрғынжайдың құнын төлем графигі бойынша төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
2) осы шарт бойынша төлемнің уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Toggle Dropdown
2.2. Сатып алушы:
Toggle Dropdown
1) тұрғынжайдың толық құнын төлеп не тұрғынжайды оның құнын өтеп алатын болса,
Toggle Dropdown
____________________жыл мерзімге дейін бөліп төлеу арқылы жекешелендіруге;
Toggle Dropdown
(бөліп төлеу мерзімі көрсетіледі)
Toggle Dropdown
2) тұрғынжай оның құны бөліп төлеу арқылы өтеліп алынатын болса, жекешелендірілетін тұрғынжай құнын мерзімінен бұрын өтеуге;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін Меншік иесінің өкіліне тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалған және ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығындағы төлем сомасын өтеп, өз бастамасымен осы шартты бұзуға құқылы.
Toggle Dropdown
2.3. Меншік иесінің өкілі:
Toggle Dropdown
1) осы шарт бойынша, оның ішінде __________________ жылға дейін бөліп
Toggle Dropdown
(бөліп төлеу мерзімі)
Toggle Dropdown
төлеу тәртібімен тұрғынжай құнының төлемін қабылдауға;
Toggle Dropdown
2) тұрғынжайды жекешелендіру туралы тұрғынжай құнын бөліп төлеу көзделетін шарт бұзылатын болса, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалған және ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төленетін соманы шегеріп, тұрғынжай құнын өтеу үшін енгізілген соманы тұрғынжайды жекешелендіретін азаматтарға қайтаруға;
Toggle Dropdown
3) тұрғынжайдың құны толық төленетін болса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, Сатып алушы тұрып жатқан тұрғынжайды оның меншігіне беруге (тұрғынжай оның құны өтеліп Сатып алынатын болса);
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, Сатып алушы тұрып жатқан тұрғынжайды оның меншігіне беруге (тұрғын үй өтеусіз алынатын болса) міндетті.
Toggle Dropdown
2.4. Сатып алушы:
Toggle Dropdown
1) тұрғынжайды оның құнын өтеп алған кезде тұрғынжай құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төлеуге;
Toggle Dropdown
2) тұрғынжайды оның құнын бөліп төлеу арқылы өтеп алған кезде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы шартта белгіленген тұрғынжай құнының 10 (он) пайызынан кем болмайтын мөлшерде бастапқы жарна енгізуге, сондай-ақ осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша тұрғынжай құнын төлеуге;
Toggle Dropdown
3) осы шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға бермеуге;
Toggle Dropdown
4) Меншік иесінің өкілі сұратқан кезде тұрғынжай құнының төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуға;
Toggle Dropdown
5) тұрғынжайды өтеусіз алған кезде тұрғынжайды меншікке қабылдауға;
Toggle Dropdown
6) тұрғынжайды оның құнын өтеп алған кезде тұрғынжай құнын толық төлегеннен кейін тұрғынжайды меншігіне қабылдауға міндетті.
Toggle Dropdown
3-тарау. Басқа шарттар
Toggle Dropdown
3.1. Осы шарт Сатып алушы, Меншік иесінің өкілі үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды және ол Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
4- тарау. Тараптардың деректемелері мен қолдары
Toggle Dropdown
Меншік иесінің өкілі Сатып алушы
Toggle Dropdown
___________________________ ________________________
Toggle Dropdown
___________________________ ________________________
Toggle Dropdown
___________________________ ________________________
Toggle Dropdown
(деректемелері), мөр орны (бар болса) (деректемелері)
Toggle Dropdown
Тұрғынжайды жекешелендіру
туралы шартқа
қосымша
Toggle Dropdown
Тұрғынжай құнын төлеу графигі
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Төленетін сома (теңгемен)
|
Төлеудің тиісті мерзімі (күні, айы, жылы)
|
Төлеудің нақты мерзімі (төлемді растайтын түбіртектің немесе құжаттың нөмірін көрсетіп)
|
|
1
|
|
20 жылғы « » қаңтар
|
20 жылғы « » №
|
|
2
|
|
20 жылғы « » ақпан
|
20 жылғы « » №
|
|
3
|
|
20 жылғы « » наурыз
|
20 жылғы « » №
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Қазақ КСР мемлекеттік меншiкті жекешелендірудің купондық тетігі туралы ережені іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 қарашадағы № 667 қаулысы.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 3, 48-құжат).
Toggle Dropdown
3. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алған тұрғын үйге азаматтардың меншік құқығын ресімдеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 ақпандағы № 87 қаулысы.
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шілдедегі № 610 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 29, 431-құжат).
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы № 1043 қаулысы.
Toggle Dropdown
6. «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қарашадағы № 1143 қаулысы.
Toggle Dropdown
7. «1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 4-құжат).
Toggle Dropdown
8. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 31 қаулысы.
Toggle Dropdown
9. «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiнөзгертулер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
Toggle Dropdown
10. «Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592қаулысы.
Toggle Dropdown
11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы № 738қаулысы.
Toggle Dropdown
12. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 тамыздағы № 810қаулысы.
Toggle Dropdown
13. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі № 1173 және 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1148қаулысының 2-тармағы.
Toggle Dropdown
14. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1317қаулысы.
Toggle Dropdown
15. «Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1316қаулысы.
Toggle Dropdown
16. «Мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қазандағы № 1560қаулысы.
Toggle Dropdown
17. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 421 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 567қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 200-құжат).
Toggle Dropdown
18. «Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін тұрғын үй салуға үлестік қатысуға және сатып алуға бөлінетін қаражатты пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 294 қаулысының2-тармағының 4) тармақшасы.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысына
2-қосымша
қбпү
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі