Toggle Dropdown
Осы редакция 10.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысы
Toggle Dropdown
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 14 ақпандағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкiлеттi тұлғаларының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылармен немесе жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті тұлғаларымен жасалған шарттарды орындау шеңберiндегi қызметтi жүзеге асыратын олардың мердігерлерінің ТЖҚ сатып алу тәртiбiн айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидалардың қолданысы:
Toggle Dropdown
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТЖҚ-ны сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
Toggle Dropdown
3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда Заңда белгiленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) тапсырыс берушi – осы Қағидаларға сәйкес ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, мердігер, жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті тұлғасы;
Toggle Dropdown
2) сатып алу – келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi және осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен және тәсiлдермен жүзеге асырылатын, келiсiмшартта ілеспе ретiнде көзделген қызметтермен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде ТЖҚ-ны меншікті қаражат есебінен сатып алу;
Toggle Dropdown
3) әлеуетті жеткізушінің аффилирленген тұлғасы – шешімдерді айқындау және (немесе) осы әлеуетті жеткізуші қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне әсер етуге құқылы кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты осы әлеуетті жеткізуші осындай құқыққа ие кез келген жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) сатып алу коды – осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде немесе осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәсілдермен ТЖҚ-ны сатып алу қорытындысын шығару хаттамасын қалыптастыру кезінде тізілім қалыптастырған код;
Toggle Dropdown
5) шарттың маңызды талаптары – бұл шарттың мәні, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері мен орындары, төлеу тәртібі, шарттың қолдану мерзімі туралы талаптар;
Toggle Dropdown
6) конкурстық құжаттама – ашық конкурс өткiзудiң шарттарды қамтитын конкурстық өтiнiмдi және конкурстық баға ұсынысын дайындау үшiн әлеуеттi жеткiзушiге ұсынылатын, тапсырыс берушi бекiткен құжаттама;
Toggle Dropdown
7) конкурстық комиссия – қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үшін осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында және көмірсутек шикізатына арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үшін осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 4) тармақшаларында белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге сатып алу жүргізудің рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші құратын алқалы орган;
Toggle Dropdown
8) қатты пайдалы қазбалар – көмірсутек шикізатын, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты су мен емдік балшықты қоспағанда, пайдалы қазбалар;
Toggle Dropdown
9) бiртектi ТЖҚ – бірдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және бір функцияны орындауға және өзара алмасымды болуға мүмкiндiк беретiн ұқсас компоненттерден тұратын ТЖҚ;
Toggle Dropdown
10) әлеуеттi жеткiзушi – жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алу үдерісіне қатысушы жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
Toggle Dropdown
11) мердiгер – жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн жер қойнауын пайдаланушы немесе оның уәкілетті тұлғасы тартатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
12) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрi – тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ-ны сатып алуды және олардың өндірушілерін бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын ТЖҚ тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
Toggle Dropdown
13) электрондық сатып алу жүйесі – жұмысы тізілім жұмысымен үйлестірілген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін тапсырыс беруші пайдаланатын Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық ақпарат жүйесі;
Toggle Dropdown
14) тізілім әкімшісі – индустриялық саясат саласындағы уәкілетті орган;
Toggle Dropdown
15) жанама қызмет – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізумен байланысты емес және лицензиялық келісімшарт талаптарын орындауға бағытталған, шығыстарын құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерін орындауы ретінде есепке алатын қызмет;
Toggle Dropdown
16) жер қойнауын пайдаланушының уәкiлеттi тұлғасы – осы Қағидаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде ТЖҚ-ны сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы уәкiлеттiк берген жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы - «электрондық үкiмет», мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерінің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
Toggle Dropdown
18) шартты баға – ашық конкурс шеңберінде сатып алынатын тауарлардың қазақстандық өндірушісі немесе жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушісі болып табылатын, ашық конкурсқа қатысушының конкурстық өтінім бағасының жиырма пайызға шартты түрде азайтылуы ескеріле отырып есептелген және тек ашық конкурс жеңімпазын анықтау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезінде пайдаланылатын баға;
Toggle Dropdown
19) электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.
Toggle Dropdown
Тапсырыс берушілердің жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі ТЖҚ-ны сатып алумен байланысты сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Сатып алу рәсiмдерiн жүргiзу және сатып алу бойынша барлық құжаттама мемлекеттік тілде және орыс тiлінде жүзеге асырылып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда басқа тілдердегі аудармасы қоса беріледі.
Toggle Dropdown
5. Бағалау рәсімдерін жеңілдету және сатып алуға қатысатын әлеуетті жеткізушілер ұсынған, әртүрлі валюталармен көрсетілген бағаларды салыстыру үшін қолданылатын валюта, бағаларды бағалау және салыстыру күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының валютасы – теңге болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ-ны сатып алуды тапсырыс беруші тізілімді пайдалана отырып мына тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) ашық конкурс;
Toggle Dropdown
2) бiр көзден;
Toggle Dropdown
3) баға ұсыныстарын сұрату;
Toggle Dropdown
4) электрондық сатып алу жүйесi арқылы.
Toggle Dropdown
Тауар биржалары тәсілі арқылы тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
7. Тапсырыс беруші өзінің шешімімен тапсырыс берушінің атынан ақпаратты қалыптастыру және тізілімге орналастыру бойынша осы Қағидаларда көзделген әрекетті жасайтын уәкілетті тұлғаны айқындайды.
Toggle Dropdown
8. Әлеуетті жеткізушіге ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ-ны сатып алуды жүргізу кезінде мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Toggle Dropdown
1) құқықтық қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болу;
Toggle Dropdown
2) төлемге қабілетті болу (конкурстық құжаттамада тиісті талаптар болған кезде);
Toggle Dropdown
3) тарату немесе банкроттық рәсімдеріне жатпау (әлеуетті жеткізуші кепілдік хат ұсынады).
Toggle Dropdown
Көрсетілген талаптарға сәйкестікті растау үшін әлеуетті жеткізуші осы Қағидалардың 40-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 216-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.