Bestprofi Logo

Қаулы № 117 от 2011-02-10г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасын бекiту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 Қаулысы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасы бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар талаптарының орындалуын сақтау мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863-1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 406-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 117 қаулысымен бекітілген

Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасы 1. Жалпы ережелер

1. Осы Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзiрлендi және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар (бұдан әрі – келісімшарттар) талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылау тәртiбiн белгiлейдi.

2. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар бойынша мiндеттемелерiн iске асыру барысы туралы ақпаратты жинау мен қорыту жөнiндегi қызметтi қамтиды.

3. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуын бақылау жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi қамтиды.

4. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу мен бақылауды құзыреттi органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

5. Жер қойнауы туралы заңға сәйкес келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру кезiнде мыналар құзыреттi органдар болып табылады:

көмірсутек пайдалы қазбаларын барлауға, өндiруге және бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша – мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган;

қатты пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлауға, өндiруге және бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша – индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган.

1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттардың (шарттардың) талаптарын орындауы бойынша – жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауы бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 08.02.2013 № 108 Қаулысымен (10.02.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

2. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу тәртiбi

7. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргізу жер қойнауын пайдаланушылар есептілік нысанында ұсынатын бастапқы ақпарат, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде келiсiмшарттар мен заңнама талаптарының орындалуы бойынша жазбаша түсiнiктемелер, сондай-ақ Жер қойнауы туралы заңға сәйкес мониторингке қатысушы және (немесе) заңнамалық актiлерге сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың деректерi негiзiнде жүзеге асырылады.

8. Қатты пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ҚР ЖП ББМЖ ИАЖ) экрандық нысанын толтыру және ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбаға қол қоюы арқылы индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органға бередi.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептi бередi.

9. Көмiрсутек пайдалы қазбаларын барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептi ҚР ЖП ББМЖ ИАЖ экрандық нысанын толтыру және ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбаға қол қоюы арқылы бередi.

10. Жерасты суларын, емдiк балшықты барлауды және (немесе) өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға, сондай-ақ ҚР ЖП ББМЖ ИАЖ экрандық нысанын толтыру және ақпаратты ұсынуға жауапты жер қойнауын пайдаланушының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбаға қол қоюы арқылы индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органға бередi.

11. Барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептi бередi.

12. Жер қойнауын пайдаланушылар осы Қағиданың 8, 10, 11-тармақтарына сәйкес ұсынатын келiсiмшарт талаптарының орындалуы туралы есептердiң негiзiнде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жиынтық есептердi дайындайды, олар келiсiмшарттар талаптарының орындалуы туралы есептердi ұсыну мерзiмi аяқталғаннан кейiн екi айдың iшiнде индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жiбередi.

13. Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторингтi жүзеге асыру мақсатында мониторингке қатысатын және (немесе) заңнамалық актілерге сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдар құзыреттi органдар орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, шығаратын ақпаратпен алмасу туралы бұйрықтардың негiзiнде құзыреттi органдарға мониторингтiң және (немесе) бақылаудың нәтижелерi туралы деректер бередi.

Мониторинг және (немесе) бақылау нәтижелері туралы ақпаратты мына мемлекеттiк органдар ұсынады:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание