• Мое избранное
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 28 маусымдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 шілдеде № 8568 тіркелді

Осы Бұйрық 2022 жылғы 3 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.09.2022 жылғы № 320/НҚ Бұйрығына сәйкес  
Редакция 17.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Ресубликасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті
(А.А. Құдайбергеноваға) бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 28 маусымдағы
№ 197 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын анықтау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) қызмет көрсетушілер көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау үшін қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) мемлекеттік қызмет құны – қызмет алушылардың жолданымы бойынша дара тәртіпте жүзеге асырылатын бөлек мемлекеттік функциялардың орындалуына бағытталатын қызмет алушының шығыс сомасы және негізгі көрсеткіші, бюджеттік бағдарламаның құнын есептеудің құрамды бөлігі болып табылады.
2) қаржылық жыл – мемлекеттік қызметтерді көрсету жүзеге асыратын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт аралығы.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын есептеу кезіндегі шығыстардың құрылымы
3. Шығыстардың жалпы сомасы тікелей және жанама шығыстарды қамтиды.
4. Тікелей шығыстарға қызметі тікелей мемлекеттік қызметті көрсетуге бағытталған қызметкерлердің еңбекақылары бойынша шығындар жатады, атап айтқанда:
1) жалақыға, оның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалатын қызметкерлері тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалардың еңбек ақысын төлеу шығыстары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.06.2016 жылғы № 264 Бұйрығына сәйкес (28.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) еңбек ақы қорының аударымдары, оның ішінде жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы;
3) ынталандырушы, көтермелеуші сипаттағы, сондай-ақ қосымша жұмыстар үшін ақшалай төлемдер;
4) өтемақы төлемдері.
5. Жанама шығыстарға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін қамтамасыз етуге бағытталған шығындар жатады, атап айтқанда:
1) коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстар;
2) байланыс қызметін төлеуге жұмсалатын шығыстар;
3) көлік қызметін төлеуге жұмсалатын шығыстар;
4) үй-жайды жалға алуға жұмсалатын шығыстар;
5) материалдық қорлар сатып алуға жұмсалатын шығыстар (шаруашылық материалдар, кеңсе керек-жарақтары);
6) материалдық емес активтер сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) өзге де қызметтер мен жұмыстарға төлеуге жұмсалатын шығыстар (ғимараттар мен үй жайларды, жабдықтары, көліктік және басқа негізгі құралдарды ұстауға, қызмет көрсетуге);
8) өзге де ағымдағы шығыстар (6-тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де ағымдағы шығыстар мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына олардың қызметті көрсету үшін жұмсалған мөлшерінде ғана қосылады).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құны Бір рет көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу кестесі (бұдан әрі – Кесте) бойынша бір рет көрсетілген әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеледі.
Кестенің 1-бағанында Кесте жолдарының реттік саны көрсетіледі.
Кестенің 2-бағанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі.
Кестенің 3-бағанында 1 жыл (қаржы жылы) көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір атауы бойынша бөлінісінде (бір қаржы жылы ішінде көрсетілген жекелеп алған атаудың бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны);
Кестенің 4-бағанында әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы бойынша бөлінісінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны көрсетіледі.
Толық автоматтандырылған нысанда (адамның қатысуынсыз) мемлекеттік көрсетілетін қызмет құны есептелген жағдайда, «қызметкерлер саны» жолында 1 саны көрсетіледі.
Ішінара автоматтандырылған нысанда (адамның қатысуымен ақпараттық жүйенің көмегімен) көрсетілетін мемлекеттік қызмет құны есептелген жағдайда, «қызметкерлер саны» бағанында тікелей мемлекеттік қызметті көрсеткен қызметкерлер саны мен 1+қосындысы көрсетіледі;
Кестенің 5-бағанында Әдістеменің 5-тармағының 1)–4) тармақшасында көрсетілген тікелей шығыстарды қосу жолымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жеке мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер санында жұмсалатын тікелей шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;
Кестенің 6-бағанында қызмет көрсетуші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;
Кестенің 7-бағанында мемлекеттік қызмет көрсетуге жұмсалатын жанама шығыстардың жалпы саны көрсетіледі.
Кестенің 8-бағанында тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер санына қызмет көрсетуші қызметкерлерінің жалпы санына арақатынасымен айқындалатын жанама шығыстардың үлесі (кестенің
4–бағанының мәні мен кестенің 6–бағанындағы мәніне арақатынасы түрінде айқындалады).
Кестенің 9-бағанында 8-бағанда айқындалған мәніне сәйкес мемлекеттік қызметтің әрбір атауы бойынша жанама шығыстардың жалпы сомасының бөлінуі көрсетіледі (кестенің 7-бағанының мәнін кестенің 8 бағанының мәніне көбейтумен айқындалады).
Кестенің 10-бағанында әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы бойынша жеке сызықтық үлестер бойынша бөлінген жанама шығыстардың қосындысы жинақталады (кестенің 5–бағанының мәні мен
кестенің 9-бағанының мәнінің арақатынасымен айқындалады).
Кестенің 11-бағанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір атауы бойынша жеке мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілген санына тікелей және бөліктерге бөлінген жанама шығыстардың сомасын бөлу жолымен әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы бойынша айқындалатын көрсетілген мемлекеттік қызметтің құны көрсетіледі
(10-бағанның 3-бағанға арақатынасы арқылы анықталады).
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын қолдану
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны қызмет көрсетушілерге мемлекеттік қызметтер көрсетудің экономикалық тиімділігін айқындау мақсатында есептеледі.
Қызмет көрсетушілерге мемлекеттік қызметтер көрсетудің экономикалық тиімділігі ағымдағы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құнының алдыңғы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құнына ара қатынасы жолымен айқындалады:
Қн= Ақ (ағымдағы кезеңдегі) / Қн (алдыңғы кезеңдегі)
мұнда:
Қн (ағым.кезең.) – ағымдағы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құны,
Қн (алдың.кезең) – алдыңғы кезеңдегі мемлекеттік қызмет құны.
8. Егер мемлекеттік қызметтер көрсетудің экономикалық тиімділігі 1-ге тең коэффициенттен артық болса, онда шығындарды оңтайландыру жөніндегі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қызмет көрсетуші шығындарының құрылымына талдау жасалады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны, сондай-ақ ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендірудің тиімділігін (рентабельділігін) айқындау үшін де қолданылады.
Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендірудің тиімділігі (рентабельділігі) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюджет кірісіне алынған соманың мемлекеттік қызмет құнына ара қатынасы жолымен есептеледі:
Әт = Қн / Бк
мұнда:
Эт – ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендірудің тиімділігі (рентабельділігі),
Қн – мемлекеттік қызмет құны,
Бк – көрсетілген мемлекеттік қызметтен бюджетке түсетін кіріс сомасы.
10. Егер ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді әкімшілендіру тиімділігі (рентабельділігі) 1 коэффициентінен артық болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем (алым) мөлшерлемелерінің мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданады, не мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру туралы мәселе қарауға шығарылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
құнын айқындау Әдістемесіне
қосымша
нысан
Бір рет көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнының есептеу кестесі
Кезең

п/п
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы 1 жылға көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны (рет) Берілген мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызметкерлер саны (адам) Берілген мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызметкерлер санына арналған тікелей шығыстар (мың теңге) Қызмет көрсетушінің жалпы қызметкерлер саны (адам) Жанама шығыстардың жалпы сомасы (мың теңге) Жанама шығыстардың тұтыну үлесі % (6 / 4 бағана) Жанама шығыстар жалпы сомасын тұтынушылар үлесіне бөлу (мың теңге) (7 * 8 бағана) Жанама шығыстар үлесі бойынша үлестірілетін тікелей шығыстар сомасы (мың теңге) (5 + 9 бағана) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны, (мың теңге) (10 / 3 бағана)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1. А
 

 

 

 

 

 

 

 

 
2. Б
 

 

 

 

 

 

 
3. С
 

 

 

 

 

 

 
4. Д
 

 

 

 

 

 

 

 
Жиыны 0 Х 0 0 0 0 0 0 0