Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 192 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 шілдеде № 8551 тіркелді
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 14 маусымдағы № 148 (28087), «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 153 (28092) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ішкі сыныбында:
48 ерекшелігін «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» алып тасталсын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«026 Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу»;
033 «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«033 «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесін жаңғырту»;
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында:
222 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
015 «Сауда саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«015 Сауда саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер»;
мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
215 «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 050 және 052 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«050 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері
052 Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру ақпараттық жүйесін құру»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 055 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«055 Ақмола облысының бюджетіне Щучье-Бурабай курорттық аймағының ішкі істер органдарының бөліністерін материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтерi» функционалдық кіші тобында:
221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 106 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«106 Ұлттық алдын алу тетiгiн жүзеге асыру бойынша іс-шараларды іске асыру»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында: