• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2015 г

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 699 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 13.03.2015 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (09.07.2013 ж. редакцияны караңыз)  (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 984-құжат):
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 115 Заңымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
«11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттар тізбесін тапсырады:
1) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі не алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер;
3) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
1) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі немесе алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың, анықтаманың мәліметтерін немесе куәлікті, лицензиялық алымның бюджетке «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленгенін растайтын түбіртекті уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.»;
көрсетілген стандарт осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және құқық қорғау органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана көрсетіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
«13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ТжКБ беру ұйымының оқу бөліміне және ЖОО-ның деканаттарына өткізіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:
5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:
көрсетілген стандартқа 4-қосымша осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
«5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.