• Мое избранное
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 642 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 30) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 21 маусымдағы
№ 642 қаулысымен бекітілген
Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жеткізуші – энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін монтаждау, іске қосу және пайдалану тәртібі туралы ақпаратқа ие энергия объектісін және (немесе) оның құрылымдық бөлігін өндіруші немесе жеткізуші;
2) жобалаушы – техникалық жарақтандыру жобасын әзірлеген тұлға;
3) жасырын жұмыстарды куәландыру актісі – техникалық жарақтандыру бойынша барлық жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін орындалғанын нақтылы тексеруге болмайтын жұмыстардың куәландырылғанын растайтын құжат;
4) қабылдау комиссиясы – энергия объектісінің әзірлігін белгілейтін және құжаттамалық растайтын және энергия объектісін пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;
5) мердігер – тапсырыс берушімен жасалған мәміле негізінде техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын тұлға;
6) техникалық жарақтандыру – жұмыс істеп тұрған электр станцияларын, электр және жылу желілерін энергия объектілерімен жарақтандыру не жұмыс істеп тұрған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін ауыстыру;
7) тапсырыс беруші – электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдаланатын тұлға;
8) энергетикалық объект (энергия объектісі) – электр энергиясын өндіретін, беретін және (немесе) тұтынатын объект.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ұғымдарға сәйкес қолданылады.
4. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануға қабылданған энергия объектілеріне қолданылмайды.
2. Қабылдау комиссиясын қалыптастыру тәртібі, оның құрамы және
өкілеттіктері
5. Техникалық жарақтандырудан кейін энергия объектісін пайдалануға қабылдап алуды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
6. Бір қабылдау комиссиясына өзара техникалық байланысты және бір облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада орналасқан бірнеше энергия объектілерін қабылдауға жол беріледі.
7. Қабылдау комиссиясына міндетті түрде тапсырыс берушінің, мердігердің, жобалаушының, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның (болған кезде), энергия объектісінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органының, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, өртке қарсы мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері кіреді.
8. Қабылдау комиссиясының құрамына қосымша мыналар кіреді:
1) олардың міндеттемелері немесе қабылдау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі болған жағдайда жеткізушілердің өкілдері;
2) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде жүйелік оператордың өкілі;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделмеген жағдайларда энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу кезінде өңірлік электр желісі компаниясының өкілі;
4) өзінің құзыретіне жататын энергия объектілері бойынша коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өкілі;
5) қоршаған ортаны ластайтын энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілі;
6) өзінің құзыретіне жататын энергия объектілері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілі.
9. Қабылдау комиссиясы мынадай тәртіппен құрылады:
1) тапсырыс беруші энергия объектісінің орналасқан жеріне байланысты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың әкіміне техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстар аяқталғанға дейін қабылдау комиссиясын құру туралы ұсынымды алдын ала жолдайды. Тапсырыс беруші қабылдау комиссиясын құру туралы ұсынымда қабылдау комиссиясының құрамына кіргізілуі тиіс тапсырыс берушінің, мердігердің, жеткізушілердің, жобалаушының, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның өкілдерін көрсетеді;
2) әкім тапсырыс берушінің ұсынымын алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдау комиссиясының басқа мүшелерін айқындайды, қабылдау комиссиясын құру және оның дербес құрамы туралы шешім шығарады және шешімнің көшірмесін тапсырыс берушіге жібереді;
3) тапсырыс беруші үш жұмыс күні ішінде қабылдау комиссиясының барлық мүшелерін қабылдау комиссиясын құру туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, қабылдау комиссиясы жұмысының басталу күні мен уақыты туралы жазбаша хабардар етеді.
10. Тапсырыс беруші қабылдау комиссиясы жұмысының басталу күнін техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстарды аяқтау және қабылдау комиссиясы мүшелерінің энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу орнына жол жүру үшін қажет уақытты ескере отырып айқындайды.
11. Қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады. Қабылдау комиссиясының төрағасы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның өкілі болып табылады.
12. Қабылдау комиссиясының хатшысы тапсырыс берушінің өкілі болып табылады.
13. Қабылдау комиссиясының құрамын қажеттілігіне қарай қабылдау комиссиясын құрған әкімнің шешімі негізінде өзгертуге жол беріледі.
14. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кіреді:
1) энергия объектісін ол толық әзір болғанда пайдалануға қабылдап алу және энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімдеу;
2) тапсырыс берушіге жойылуы тиіс себептерін көрсете отырып, энергия объектілерінің жарамсыздығы туралы қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсыну.
15. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері комиссия тағайындалған энергия объектілеріне ғана қолданылады.
16. Нақты энергия объектісі бойынша қабылдау комиссиясының өкілеттігі оны әкім құрған күннен басталады және энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы немесе энергия объектісінің қабылдауға жарамсыздығы туралы актіге қабылдау комиссиясы қол қойған күннен бастап тоқтатылады.
17. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің өкілеттігіне мыналар кіреді:
1) тапсырыс берушіден өз функцияларын атқару үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты алу;
2) энергия объектісін қабылдау сынақтарын өткізу кезінде қатысу;
3) энергия объектісін пайдалануға беруге әзірлігін тексеру және бағалау тәртібі бойынша ұсыныстарды қабылдау комиссиясының қарауына шығару;
4) қабылдау комиссиясының төрағасына бас тартудың себептері көрсетілген айрықша пікірді ұсыну арқылы энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы актіге қол қоюдан бас тарту.