1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық










Отправить по почте

"ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 715 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық
жоспарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 715 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары
| Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушы | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көзі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар | |||||
| 1. | Жұмыс органдарының Ұйымдастыру комитеті жанындағы Жұмыс штабтарының 2013 – 2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуі және бекітуі | Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы | ЭБЖМ, ИЖТМ, БҒМ, СІМ, МАМ, ККМ, Астана қаласының әкімдігі | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 2. | Көрмені ұйымдастыру жөніндегі қажетті актілерді, сондай-ақ рәсімдік және қаржылық құжаттарды қабылдау кестесін бекіту | Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы | ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 3. | ЭКСПО-2017 қолдау қоры жұмысының жаңа регламентін әзірлеу, Қор комиссиясының құрамын жаңарту | Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы | ЭБЖМ, СІМ, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы наурыз | талап етілмейді |
| 4. | Астана қаласының әкімдігі жанындағы ЭКСПО-2017 қолдау қорын бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 5. | Халықаралық көрмелер бюросы (бұдан әрі - ХКБ) Атқарушы комитетінде Тіркеу дерекнамасын ресми бекітуді есепке ала отырып, 2014 – 2018 жылдарға түзетулермен Ұлттық жоспарға өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| 6. | ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссарын (бұдан әрі – Комиссар) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу және тағайындау | Қазақстан Республикасы Президентінің актісі | СІМ | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 7. | Көрмеге қатысу шарттарына қол қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және ЭКСПО-2017 қатысушы елдері бас комиссарларының отырыстарын өткізу | шарттарға қол қою және бас комиссарлардың отырыстарын өткізу | Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2014 - 2016 жылдар | талап етілмейді |
| 8. | Мына: 1) көрмені өткізу үшін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер бөлінісінде жылдар бойынша қажетті қаражат көлемін айқындау; 2) мемлекеттік-жеке серіктестік пен демеушілікті қоса алғанда, көрмені қаржыландыру көздері; 3) көрмені бюджеттік және бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырудың ашық тетіктерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қазан | талап етілмейді |
| 9. | Әлемдік тәжірибені талдау негізінде көрмені өткізуден, оның ішінде көрмені даярлау, өткізу және өткізуден кейінгі кезеңде кірісті көбейту мен шығынды азайту жолымен, барынша көп экономикалық нәтижеге қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу | Іс-қимыл жоспарының жобасы | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 10. | Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы | ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қыркүйек | талап етілмейді |
| Халықаралық көрмелер бюросымен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 11. | ХКБ Бас ассамблеяларындағы Қазақстан Республикасы делегаттарының қатарынан ХКБ жанындағы Қазақстан ресми өкілін айқындау – ХКБ-да Қазақстан Республикасының халықаралық кеңсесін құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | СІМ | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 12. | ХКБ Хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау және алдыңғы ЭКСПО-лар тәжірибесін зерделеу үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жанында ХКБ жанындағы Қазақстанның халықаралық кеңсесін құру (3 адам) мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | СІМ, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 13. | ХКБ-ға тіркеу жарнасын төлеу үшін бюджеттік өтінім дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 14. | Қазақстандық делегацияның, оның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен ХКБ Атқарушы комитетіне дайындауды және оның қатысуын қамтамасыз ету (мамыр, қазан), Тіркеу дерекнамасының таныстырылымымен ХКБ-ның 153 және 154-ші Бас ассамблеяларына қатысу (маусым, қараша) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, СІМ, Қаржымині | 2013 жылғы мамыр | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| Тіркеу дерекнамасын және техникалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 15. | Тіркеу дерекнамасының жобасын әзірлеу, ХКБ Атқарушы комитетінде ілгерілету және тіркеу жөніндегі Ұлттық консультант кеңсесін құру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі | 2013 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
| 16. | Тіркеу дерекнамасының жобасын әзірлеу және бекіту | Мемлекеттік комиссияның хаттамасы | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қазан | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 17. | Тіркеу дерекнамасының жобасын ХКБ-мен бірге тексеру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), СІМ | 2013 жыл бойы | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 18. | ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу тұжырымдамасының жобасын әзірлеу | Мемлекеттік комиссияның хаттамасы | Қоршағанортамині, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы сәуір | талап етілмейді |
| 19. | ЭКСПО-2017 көрмесіне өтінім дерекнамасын жаңарту, оның ішінде сандық және қаржылық көрсеткіштерді нақтылау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қоршағанортамині, СІМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі | 2013 жылғы қараша | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 20. | Тіркеу дерекнамасының бірінші кезеңінің жобасын Мемлекеттік комиссияда ұсыну (Жалпы ережелер, 1 және 2 арнайы ережелер, көрмені өткізуден бас тартқан жағдайда өтемақы туралы құжат, Қатысу шарты) | Презентация | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 21. | Тіркеу дерекнамасының бірінші нұсқасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 22. | Тіркеу дерекнамасының екінші кезеңінің жобасын әзірлеу (мазмұны бойынша жоспар, мастер-жоспар, көрмеден кейінгі пайдалану жоспары, коммуникациялық жоспар, коммерцияландыру жоспары, қаржы жоспары) | Тіркеу дерекнамасының екінші кезеңінің жобасы | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қоршағанортамині, СІМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар | 2013 жылғы маусым-қазан | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 23. | Тіркеу дерекнамасының түпкілікті нұсқасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қазан | талап етілмейді |
| 24. | Тіркеу дерекнамасының түпкілікті жобасын ХКБ Бас ассамблеясының 154-сессиясында бекітуге шығару | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қараша | талап етілмейді |
| 25. | ХКБ-ның ресми логотипін және туын алу мәселесін пысықтау және Қазақстан атынан ресми қабылдау ұйымдастыру | ХКБ-ның ресми логотипін және туын алу | Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы маусым | талап етілмейді |
| «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 26. | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ны құру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, БҚА | 2013 жылғы қаңтар | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылға арналған резерві |
| 27. | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталының кезең-кезеңімен капиталдандырылуын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 28. | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу және тағайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ | 2013 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
| 29. | Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді, қызметтің негізгі бағыттарын көрсете отырып, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу | Тұжырымдаманың жобасы | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ | 2013 жылғы мамыр | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 30. | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту | Директорлар кеңесінің шешімі | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 31. | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ персоналының бұрын ЭКСПО өткізген жетекші көрме компаниялары мен корпорацияларында тағылымдамадан өту және оқу мәселелерін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ,«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 32. | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ құрылғаны туралы ХКБ Хатшылығына ресми хабарлау | СІМ нотасы | СІМ | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 33. | ЭКСПО-2017 логотипінің редизайны және оны халықаралық және ұлттық деңгейлерде тіркеу мәселесін пысықтау | Мемлекеттік комиссияның хаттамасы | ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы ақпан-сәуір | ЭДСМ-ның 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 34. | Париж қаласында (Франция) ХКБ Атқарушы комитетінің жұмысы шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметін халықаралық презентациясы | презентациясы | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 35. | Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің корпоративтік атрибутикасын және имидждік өнімін жасау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қыркүйек | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарлама сы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 36. | Алматы және Қарағанды қалаларында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ презентациясымен ЭКСПО-2017 тақырыбы бойынша екі өңірлік іс-шара ұйымдастыру және өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ | 2013 жылғы желтоқсан | ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарлама сы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде |
| 37. | ИЖТМ ұйымдастыратын шетелдік туристік көрмелерге «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қатысуын пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИЖТМ, Комиссар ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| 38. | ЭКСПО-2017 қатысушылары – дамушы елдерге көмек көрсету бағдарламасын нақтылау | нақтыланған көмек көрсету бағдарламасы | СІМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қазан | талап етілмейді |
| ЭКСПО-2017 жер учаскесін және аумағын дайындау жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 39. | Бұрын мәлімделген жер учаскесін жаңа орналасу жеріне ауыстыру бөлігінде өтінім мәліметін өзгерту мүмкіндігі мәселесін ХКБ Хатшылығымен келісу | ҚР СІМ нотасы | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қоршағанортамині, СІМ, Астана қаласының әкімдігі | 2013 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 40. | ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік нобай-идеясына халықаралық сәулет конкурсын ұйымдастыру үшін бюджеттік өтінім енгізу (2013 жылғы қыркүйекте конкурсты қорытындылап, жобаны іске асыру бойынша жауапты орындаушыны айқындау) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Ұйымдастыру комитеті, Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 41. | Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, ЭКСПО-2017 символы болатын нысанның үздік эскиз-идеясы бойынша халықаралық сәулет конкурсын ұйымдастыру және өткізу | Конкурстың әділқазылары шешімнің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині | 2013 жылғы қазан | *Үкіметтің 2013 жылғы арналған резерві |
| 42. | 2017 жылға қарай «Смарт-Астана» жобасын іске қосу жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ «Ақылды қала» қағидаттары бойынша объектілерді салу және жаңа коммуникацияларды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ,ӨДМ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 43. | Инженерлік инфрақұрылымды сумен,газбен,жылумен,электрмен жабдықтау және кәріз қамтамасыз ете отырып, ЭКСПО-2017 аумағында құрылыс салуды жобалауға техникалық тапсырманы әзірлеу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| 44. | Көрме объектілерін салу кезінде бірегей құрылыс және басқа да жаңа материалдар мен технологияларды және Астана қаласының инфрақұрылымын қолдану және пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)) | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| 45. | ЭКСПО-2017 объектілерін салуға бөлінген жер учаскесін сатып алу және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталына беру мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, АУЗР, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қазан | Талап етілмейді |
| 46. | Астана қаласында және басқа өңірлерде салу үшін қажетті нақты объектілер мен коммуникациялардың тізбесін айқындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2013 жылғы қазан | талап етілмейді |
| 47. | Көрмені өткізуді ескере отырып, Астана қаласының бекітілген бас жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, Қаржымині | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 тақырыбын дамыту жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 48. | Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлеу жөніндегі ұсынысты пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қыркүйек | талап етілмейді |
| 49. | Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын Мемлекеттік комиссиясындағы презентациясы | Презентация | Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қыркүйек | талап етілмейді |
| 50. | Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қазан | талап етілмейді |
| 51. | «Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлеу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині | 2013 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 52. | Көрме тақырыбымен байланысты қазақстандық бастамаларды (энергиялық-экологиялық стратегия, «Жасыл көпір», Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту стратегиясы) осы Ұлттық жоспармен біріктіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың халықаралық алаңдарда кешенді ілгерілеуін қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, СІМ | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 53. | Конференциялар мен форумдарға қатысу мәселесін пысықтау: - «Болашақ энергиясы» ЭКСПО - 2017 тақырыбын Астана экономикалық форумының панельді сессияларында дамыту; - Қазақстанның индустрияландыру күні шеңберінде «Болашақ энергиясы» тақырыбына халықаралық конференцияларды (көрме-форум) ұйымдастыру және өткізу; - Абу-Дабидегі (Біріккен Араб Әмірліктері) болашақ энергиясы дүниежүзілік форумына және Болашақ энергиясы бойынша еуропалық форумға жыл сайын қатысу; - бизнес-қоғамдастық ұйымдастырған бизнес-форумдар мен алаңдарға Қазақстанның қатысуы | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) ЭБЖМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині, БҒМ | 2013 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 54. | Астана қаласында «Жасыл көпір» жыл сайынғы халықаралық көрмелер мен конференцияларды өткізу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Қоршағанортамині, ЭБЖМ, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 55. | «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша оқушылар, студенттер және талапкерлер үшін тақырыптық оқу бағдарламаларын әзірлеу | тақырыптық бағдарламалар | БҒМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 56. | Баламалы энергетиканы дамытудың перспективалы кластерлік үлгісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | Қоршағанортамині, ИЖТМ, ЭБЖМ, КММ, БҒМ, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, | 2013 жылғы шілде | талап етілмейді |
| Туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 57. | Астанадан 30 км дейінгі радиуста орналасқан елордамен шектесетін елді мекендерде Олимпиада қалашығы үлгісіндегі эко- және этноауылдарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, Қоршағанортамині ИЖТМ, АШМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, | 2014 жылғы тамыз | Талап етілмейді |
| 58. | Төсек орындарының санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының қонақүй кешендерін, демалыс үйлерін және сауықтыру орталықтарын енгізудің және кеңейтудің 2013 – 2017 жылдарға арналған жоспарының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИЖТМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2013 жылғы тамыз | талап етілмейді |
| 59. | Қонақүй қызметтерін көрсететін объектілердің сыйымдылығын ұлғайту мақсатында оларды салу және реконструкциялау жобаларын жеңілдікті қаржыландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, ӨДМ | 2014 жылғы наурыз | талап етілмейді |
| 60. | ЭКСПО-2017 өткізуді есепке ала отырып, Астана қаласында туризм, оның ішінде экотуризм саласын дамыту бойынша мастер-жоспар әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИЖТМ, Қоршағанортамині, ККМ, Комиссар Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы тамыз | талап етілмейді |
| 61. | Ұлттық брендті құру мүмкіндігімен не жол маңы сервисінің атақты брендтері мен франшизаларын тарта отырып, 2016 жылға қарай Астана-Щучье және Астана-Қарағанды тас жолдарын жол маңы сервисінің заманауи пункттерімен қамтамасыз ету және жарақтау бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ИЖТМ, ККМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері, ӨДМ | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| 62. | Көрме қонақтарын өңірлерде қолайлы болуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| Астана қаласын дайындау және Қазақстанның өңірлерін тарту жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 63. | Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, Астанада салынуы жоспарланған ЭКСПО-2017 аумағымен шектесетін ЭКСПО-сити тұрғын алаптарының құрылысын салу жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2014 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 64. | ЭКСПО-2017 тұрғын объектілерін Астана қаласының тұрғын үй қорына беру және пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| 65. | Индустриялық парктің және «Астана – жаңа қала» АЭА бекітілген аумағын кеңейтудің орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 66. | Әлемдік тәжірибе негізінде көрмені өткізу кезінде, одан кейін де тікелей және жанама кірістерді алудың қосымша резервтерін іздеу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭДСМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қазан | талап етілмейді |
| 67. | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының көрмеге қатысу жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2013 жылғы тамыз | талап етілмейді |
| ЭКСПО-2017 ұйымдастыру және өткізу жағдайларында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 68. | Мыналарды: - «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жаңа бағыттармен толықтыруды; - көрме мақсаттары үшін жеткізілетін ШОБ объектілерінің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге шағын және орта бизнес субъектілерін тарту жөніндегі егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ, ИЖТМ | 2014 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 69. | Астана және Алматы қалаларының қалалық шекараларынан тыс жерлерде танымал қазақстандық және әлемдік брендтерді төмен бағалармен көтерме-бөлшектеп саудалау орталықтарын ашу бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2013 жылғы мамыр | талап етілмейді |
| 70. | ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға және өткізуге тартылған көрмені ұйымдастырушылардың, мемлекеттік органдар мен қызмет көрсету саласы өкілдерінің тілдік сауаттылығын (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру) көтеру бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қыркүйек | талап етілмейді |
| 71. | Көрме индустриясының саласында тартылған отандық компанияларды оқыту үшін көрмелік қызметтердің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2014 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 72. | Көрмені өткізу кезінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы маусым | талап етілмейді |
| 73. | Көрмені өткізуге дайындалу үшін өңірлер арасында автомобиль, темір жол және әуе көлігін дамыту, сондай-ақ халықаралық әуе қатынасының мәселесін пысықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат | ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| 74. | ЭКСПО-2017 ұйымдастырудың және өткізудің әлеуетін есепке ала отырып, Астанада және басқа да өңірлерде бизнес-инкубаторлар, технопарктер және ғылыми-технологиялық алаңдар желісін құру бойынша ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, АШМ, Қоршағанортамині, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |
| Ақпараттық жария ету және сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 75. | Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөнінде 2013 жылға арналған жедел медиа-жоспарды әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2013 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
| 76. | Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі 5 жылдық медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар | 2013 жылғы ақпан | талап етілмейді |
| 77. | Ел ішіндегі және барлық халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі медиа-жоспардың жыл сайын әзірленуін қамтамасыз ету | Медиа-жоспар | МАМ СІМ | тамыз, жыл сайын | талап етілмейді |
| Қоғамдық тәртіпті қорғауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 78. | ЭКСПО-2017 аумағында Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының шығарылған автоматтандырылған жұмыс орындары бар қазіргі заманғы байланыс және техника құралдарымен қамтамасыз етілген Полиция бөлімінің ғимаратын (үй-жайын) салу, сондай-ақ жаңа теміржол вокзалын жобалау кезінде үй-жайларды бөлу бойынша мәселені пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ІІМ, ККМ, Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) | 2013 жылғы қыркүйек | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлігі
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау агенттігі
«Астана ЭКСПО-2017» - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы»
ұлттық компаниясы» АҚ акционерлік қоғамы
Комиссар-ЭКСПО-2017 - халықаралық мамандандырылған көрмесінің
Комиссары
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
акционерлік қоғамы
мемлекеттік комиссия - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі
мемлекеттік комиссия
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
акционерлік қоғамы
Тіркеу дерекнамасы - ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу құқығын
алған елдің құжаты, оның көрмені
ұйымдастыру және өткізу бойынша
міндеттемелерін көздейді
Ұйымдастыру комитеті - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін өткізу мәселелері жөніндегі
ұйымдастыру комитеті
Ұлттық жоспар - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің
2013–2018 жылдарға арналған ұлттық
жоспары
ХКБ - Халықаралық көрмелер бюросы
ХКБ Атқарушы комитеті - Париж қаласында (Француз Республикасы)
орналасқан Халықаралық көрмелер бюросының
атқарушы комитеті
ЭКСПО-2017 Қолдау қоры - бюджеттен тыс қаражат есебінен құрылған
және Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы
Астана» корпоративті қорында ЭКСПО-2017
шеңберіндегі іс-шараларды қолдау үшін
көзделген қаражат
* - Бюджет заңнамасының белгіленген
талаптарына сәйкес қаралатын болады

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |