• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 10.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Қаулысы
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) Ұлттық жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 10 шiлдеден және 10 қаңтардан кешiктiрмей Ұлттық жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 20 шiлдеден және 20 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 15 қаңтардағы
 № 10 қаулысымен
 бекітілген
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013–2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары