• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 167 Қаулысы
"Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың екінші жарты жылдығына және 2000 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 тамыздағы N 1108 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосы беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың ережесі бекітілсін.
2. "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 шілдедегі N 1065 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 39, 334-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақтың екінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
 Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 2000 жылғы
 4 ақпандағы N 167
 қаулысымен бекітілген
Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасаудың ережесі
Осы Ереже экономикалық барлық салаларында энергия үнемдеуге сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді, энергия үнемдеу объектілерінің отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау және отын-энергетикалық шығындарды төмендетудің мүмкіндіктерін айқындау мақсатында қорытынды дайындаудың, жүргізудің және берудің сабақтастығын реттейді.
1. Жалпы ережелер