• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қазан N 1359
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысаны бекітілсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.    
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
 2001 жылғы 24 қазандағы
 N 1359 қаулысымен
 бекiтiлген
Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны
Үлгі нысан жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.04.2004. № 497 қаулысымен. (24.10.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
_________________              N        200_ жылғы "___"_________     (елдi мекен)
      Бұдан әрi "Иеленушi" деп аталатын, _________ негiзiнде әрекет   ететiн _______________ атынан _______________ және бұдан әрi "АҚК"                                  (астық иесi)   деп аталатын, ____________ негiзiнде әрекет ететiн _______________   атынан, _____________________ бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар,       (астық қабылдау кәсiпорны)   мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Осы шартқа сәйкес және оның талаптарымен АҚК-нiң астықты сақтау жөнiнде өтелiмдi қызметтер көрсетуі осы шарттың мәнi болып табылады. 
2. Сақтауға берілетін астықтың көлемі мен сипаттамасын, астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жеткiзiлетiн сапа көрсеткiштерiн осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес тараптар анықтайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
1. АҚК: 
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өтінiмде көрсетiлген сан мен көлемде Иеленушi өтiнiм берген сәтiнен бастап 3 күннен аспайтын мерзiмде сақтауға қабылданған астыққа астық қолхаттарын беруге; 
2) Астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауды осы шарттың 1-қосымшасында көрсетілген стандартқа сәйкес жүзеге асыруға; 
3) Иеленушi берген астықты астық қолхаттарында көрсетiлген caн мен сапада сақтауды қамтамасыз етуге; 
4) Мемлекеттiк стандарттармен, техникалық регламенттермен, техникалық шарттармен және нормативтiк  құқықтық кесiмдермен белгiленген сақтау шарттарын орындауға;
5) Астықтың сақталу орнын қарауға және астықтың сынамаларын iрiктеп алуға Иеленушiге не оның уәкiлеттi өкiлiне мүмкiндiк беруге; 
6) Иеленушiнiң талабы бойынша, Иеленушiнiң астықты босатуға жазбаша өтiнiмiн тiркеген сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, астық қолхатына айырбасқа, өтiнiмде көрсетiлген астықтың көлемiн босатуды (тиеп жіберудi) бастауға және оны "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 40 -баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерiне сәйкес аяқтауға мiндеттенедi. Астықты босату (тиеп жiберу) астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу ережесiне сәйкес жүргiзiледi; 
7) Сақталудағы астықтың жойылу немесе бүлiну қаупi туындаған жағдайларды қоспағанда, Иеленушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғалардың астық қоймаларына сақтауға астықты ауыстырмауға. Үшiншi тұлғаға, астықты сақтауға бергенi туралы АҚК Иеленушiге тезарада хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте АҚК астықты сақтауға берген үшiншi тұлғаның әрекетiне толық жауап бередi; 
8) Иеленушiге оның өтiнiмi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде AҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес Иеленушiге тиесiлi астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн беруге; 
9) Жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты жөндеуге тоқтатуға дейiн 45 күн қалғанда, астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Астықты сақтау ережесiмен белгіленген мерзiмнен аспауға тиiс жөндеудi жүргізудiң мерзiмiн көрсетiп, астықты қабылдау мен босатудың (тиеп жiберудiң) мүмкiн еместігі туралы Иеленушiнi хабардар етуге; 
10) Егер АҚК астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатыспаған жағдайда, осы шарт бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға; 
11) Астықты сақтау процесiнде зиянкестермен астықтың бүлдiрiлгенi анықталған жағдайда, өз есебiнен зарарсыздандыруды жүргiзуге; 
12) Астықты сақтау бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясын тоқтата тұру, қайтып алу туралы, сондай-ақ қайта ұйымдастырылуы, атауының өзгергені туралы шешiмнiң қабылданғаны туралы, банкроттық рәсiмiнiң қозғалғаны, АҚК-нiң өз еркiмен таратылуы туралы тиiстi шешiм қабылданған сәтiнен бастап үш жұмыс күнi ішiнде Иеленушiге жазбаша хабарлауға; 
13) Астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргізу ережесiне сәйкес астықты осы шарттың 1-қосымшасында белгiленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдығын қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. 
2. АҚК-нiң: 
1) Осы шарттың 3-бөлiмiне сәйкес қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi талап етуге; 
2) Көрсетiлген қызметтер көрсетуге ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегi болса, астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға; 
3) Астықты босатуда (тиеп жiберуде) Иеленушiмен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетiлген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарауды, немесе өз есебiнен шығыстарды өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге құқығы бар; 
3. Иеленушi: 
1) Осы шарттың 3-бөлiмiнде белгіленген тәртiппен және жағдайда AҚК-нiң қызметтер көрсетуiне уақтылы ақы төлеуге; 
2) АҚК-ге астықты алдағы тиеп жiберу туралы жазбаша өтiнiм беруге мiндеттенедi. 
4. Иеленушi: 
1) Астық қолхатында көрсетiлген көлемде АҚК-де сақтаудағы астыққа иелiк етуге; 
2) Осы шарттың 1-қосымшасында көрсетiлген стандарт бойынша астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауға; 
3) Астықты қабылдау және босату (тиеп жiберу) кезiнде оны өлшеуге қатысуға; 
4) Астықты сақтау орнын қарауға және астықтың сынамасын iрiктеп aлуғa; 
5) АҚК астықты босату (тиеп жiберу) кезiнде АҚК-мен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарауды, немесе өз есебiнен шығыстарды өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге; 
6) Өтiнiм бойынша АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес Иеленушiге тиесiлі астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн алуға; 
7) Астық қалдығын қайтаруға және астықты осы шарттың 1-қосымшасында белгіленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдығына иелiк етуге құқылы.
3. Сыйақы төлеу
1. Әрбiр операция бойынша жеке астықты сақтау жөнiнде қызметтер көрсету (қабылдау, кептiру, тазалау, сақтау, тиеп жiберу) үшiн АҚК-нiң сыйақы сомасы АҚК-нiң оларды көрсетумен байланысты барлық шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салық және басқа да мiндеттi төлемдердi қамтиды және осы шарттың 1-қосымшасында анықталады. 
2. Рынокта үстем жағдайға ие АҚК қызметтер көрсетуiнің бағалары (тарифтерi) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталады. 
3. Астықты сақтау жөнiндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу ақшамен не Тараптардың келiсiмiмен анықталған баға бойынша индоссамент жасау арқылы сақталудағы астықтың тиiстi көлемiн беру жолымен жүргiзiлуi тиiс. 
4. Қызметтер көрсетуге ақы төлеу мерзiмi Тараптардың келiсiмi бойынша осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес анықталады.
4. Шарттың қолданылу мерзiмi