• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 75 қаулысы       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінің
 2004 жылғы 23 қаңтардағы
 N 75 қаулысымен
 бекiтiлген
Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесi
1. Осы Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесi Қазақстан Республикасының Су кодексiне  сәйкес әзiрлендi және су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу тәртiбiн белгiлейдi.