• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техиикалық регламентін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техиикалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 1202 Қаулысы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. «Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын:
«
 
35-1 Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ҚТКШІА 2010 жылғы қазан 2010 жылғы қараша
                                                    ».
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 53-құжат);
2) «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 122-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 17 қарашадағы
 № 1202 қаулысымен
 бекітілген
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы » 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент адам өмірін, денсаулығын, мүлікті  және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылысқа соқтыратын әрекеттердің алдын алу, саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында өмірлік циклінің барлық сатыларындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз талаптарды белгілейді.
3. Осы Техникалық регламент объектілері болып табылатындар: ғимараттар мен құрылыстар (бұдан әрі - құрылыс объектілері), құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары (бұдан әрі - құрылыс өнімі), құрылыс объектілерін және құрылыс өнімдерін жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге асыру процестері (бұдан әрі - өмірлік цикл сатылары).
4. Құрылыс өнімдерін сәйкестендіру, жиынтығында тануға жеткілікті болатын таңбалау мен ілеспе құжаттары, белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) кодтарын және оларға сәйкес келетін 04-2008 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің мемлекеттік жіктеуіші бойынша кодтарды пайдалану жолымен жүргізіледі. Қауіпсіздік талаптары белгіленетін құрылыс өнімдерінің тізбесі осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
5. Құрылыс объектілері және жобалау құжаттамасы мынадай қағидалар бойынша сәйкестендіріледі:
1) жобалау құжаттамасы құрылыстың объектісі мен мақсатына байланысты қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының турлері мен құрамы бойынша сәйкестендіріледі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын, құрылысы салынбақшы болып отырған ауданда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетушілердің техникалық шарттарына және тапсырысшының жобалауға арналған тапсырмасына сәйкес әзірленеді;
2) оларға қатысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды қоса алғанда көлемді, тегіс немесе желілік күрделі объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялары) барлық түрлерін құруға арналған құрылыс процестері құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша сәйкестендіріледі әрі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
3) нарықта сатылатын және пайдалануға берілетін ғимараттар мен құрылыстар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес жобалау құжаттамасына немесе техникалық паспортына сай функционалдық мақсаты бойынша сәйкестендіріледі;
4) функционалдық мақсатына байланысты ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану процестері Қазақстан Республикасы заң актілерінің және осы Техникалық регламенттің ережелері негізінде сәйкестендіріледі;
5) ғимараттар мен құрылыстарды кейіннен кәдеге жаратудың технологиялық процестері «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңымен және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінде белгіленген тәртіппен сәйкестендіріледі.
6. Құрылыс объектілері мен жобалау құжаттамасын сәйкестендіру мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1) жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша тапсырысты орындау шарттарын құрастыру және жасасу кезінде;
2) нарық субъектісі құрылысты жүзеге асыруға арналған жобалау құжаттамасын сату кезінде;
3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған мердігерлік шарттарды құрастыру және жасасу кезінде;
4) бір меншік иесінен басқасына өтетін пайдаланудағы ғимараттар мен құрылыстарды нарықта сату кезінде;
5) құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға тапсыру және қабылдау кезінде;
6) құрылысы аяқталмаған объектілерді нарықта сату кезінде;
7) консервацияға ұшыраған құрылысы аяқталмаған объектілерді тапсыру және қабылдау кезінде;
8) ғимарат пен құрылыстың техникалық жай-күйін пайдаланушылық және өзге де бақылау кезінде;
9) ғимарат пен құрылысты немесе оның жеке үй-жайлары мен учаскелерін жалға беру шарттарын құрастыру және жасасу кезінде;
10) кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстарды жүргізу мақсатында ғимарат пен құрылысты пайдаланудан шығару немесе құрылысы аяқталмаған объектіні жою кезінде.
7. Сәйкестендіру міндеттеріне байланысты ғимарат пен құрылыстың пайдаланудағы жағдайында инструменталды және көзбен шолу тексерулері жүргізіледі.
8. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу құрылыс объектілерін сәйкестендіруді мыналар жүргізеді:
1) құрылыстағы (құрылысқа арналған жобалау, іздестіру, сараптау, зерттеу жұмыстары, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіруді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда) мердігерлік жұмыстардың тапсырысшы-инвесторы; 
2) пайдаланудағы ғимарат пен құрылыс немесе құрылысы аяқталмаған объект түріндегі жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі уәкілетті органдар.
9. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әрекет етеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
10. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) бақылау - белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру рәсімі;
2) ғимарат - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Үйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін;
3) ғимарат пен құрылыстың жауапты пайдаланушысы - ғимараттың және құрылыстың техникалық жай-күйін, техникалық қызмет көрсетілуін және ағымдағы жөндеуден өтуін бақылау үшін жауапты заңды немесе жеке тұлғалар (үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін, ғимарат пен құрылыстың меншік иелерін, кондоминиум және басқа өнеркәсіптік пен азаматтық мақсаттағы басқа да объектілерді басқаратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда);