• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 05.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 Қаулысы
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 қазандағы
 № 1248 қаулысымен
 бекітілген
Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсiптік ұйымдарын (бұдан әрi – кәсiптік ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi ұйымдарын (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Аккредиттеу рәсiмiн жүргiзу тәртiбi
2. Кәсiптік ұйымдарды аккредиттеу жүргізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi: жарғы, мемлекеттiк тiркелгенi туралы және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiктер (болған кезде – бизнес-сәйкестендіру нөмірі) немесе салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды расталған көшiрмелерi;
3) ұйым жарғысына сәйкес бекiтiлген халықаралық тәжiрибеге сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын Этика кодексi;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiптік ұйымдардың құрамы туралы мәлiмет;
5) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiптік ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiмет;
6) оқу-үйрету іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттыру жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын құжаттар.
Уәкiлеттi органға аккредиттеу жүргізу үшін осы тармаққа сәйкес ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкiлеттi органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
Осы тармақтың 4), 5), 6) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйымдар аккредиттеуден өткiзу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мынадай құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет етiп көзделген жарғы, мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiк (болған кезде – бизнес-сәйкестендіру нөмірі) немесе түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған көшiрмелерi;
3) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiптік ұйымымен өзара іс-қимыл туралы келісім;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөнiндегi ұйымдар жұмыс органдарының құрылымы, олардың болуы туралы мәлiметтер;
5) Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша оқудан тәуелсіз емтихандық жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын мәліметтер;
6) бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi емтихандарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы бекiтiлген ережені мыналарды көрсете отырып:
тест сұрақтары мен ахуалдық мiндеттердi қамтитын емтихандық модульдердiң құрылымы;
сертификаттау пәндерi бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағат;
күнтізбелік отыз күннен аспайтын кәсiптік бухгалтерлiкке кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) жұмыстарына тексеру жүргiзу мерзiмдерi;
соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алынған күннен бастап он төрт күннен аспайтын сертификаттар беру мерзімдері;
нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi үш жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша, нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi бес жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша кандидаттың оң нәтиже алуы;
кандидаттардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi;
7) кәсiптік бухгалтерлiкке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы (бұдан әрi – комиссия) төрағасының, оның мүшелерiнiң, тәуелсiз бақылаушылардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекiтiлген ереже;
8) комиссияның (кеңестiң) арызы мен шешiмiн қарау мерзiмiн, нысанын белгiлей отырып, емтихандардың нәтижелерi бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестiң) құрамын, арыздарды беру мерзiмiн және арыздарды сотқа дейiн қарауды жүргiзу тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы бекiтiлген ереже;
9) үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткiзудiң бекiтiлген кестесi;
10) «Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес емтихандық модульдер мен емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөнiндегi материалдар;
11) кәсiптік бухгалтер сертификатының жобасы.
Уәкiлеттi органға аккредиттеу жүргізу үшін ұсынылған барлық құжаттар осы тармаққа сәйкес тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкiлеттi органның құжаттарды қабылдаған күні туралы тапсырылған күні белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
4. Өтініш берушілерден құжаттар қабылдаған кезде осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес, уәкілетті орган құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін түпнұсқаларды өтініш берушіге қайтарады.
Уәкілетті орган өтініш берушіден аккредиттеуге арналған құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, ұсынылған құжаттарды толық тексеруге міндетті. Көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттардың толық болмауының фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемемен бас тартады.
5. Уәкiлеттi орган аккредиттеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген материалдарды аккредиттелген кәсіптік ұйымдардың қарауына жібереді.
6. Аккредиттелген кәсіптік ұйымдар материалдардың осы Қағидаларға 8 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау нәтижелерін олардың атына уәкілетті орган оларды жіберген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңде береді.
Уәкiлеттi орган жауапты алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде аккредиттелген кәсіптік ұйымдар ұсынған лер мен ұсыныстарды қарайды және оларды (дан) қабылдау/бас тарту туралы әрбір аккредиттелген кәсіптік ұйымның атына жазбаша уәжделген дәлелді жауап ұсынады.
7. Кәсiптік ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу туралы бұйрыққа үш жұмыс күні ішінде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде уәкiлеттi орган басшысы немесе уәкiлеттi орган басшысы айқындайтын лауазымды тұлға қол қойып, тіркейді және уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiледi.
8. Сертификаттау және аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы куәлiк беру туралы шешiм қабылдау бойынша кәсiптік ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құжаттарын қарау мерзiмi өтiнiш қабылдаған сәттен бастап осы Қағидалардың 2 және  3-тармақтарында көрсетілген отыз күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
9. Егер кәсiптік ұйымдар және сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мынадай бұзушылықтардың ең болмаса біреуі айқындалса, уәкiлеттi орган күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өтiнiш қабылдаған сәттен бастап, аккредиттеуден дәлелденген бас тартуды енгiзе алады:
1) кәсiптік ұйымдар: