Toggle Dropdown
Осы редакция 05.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм), 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы » 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы » 1997 жылғы 14 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы » 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.
Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдар жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар болып белгіленсін.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
N 833 қаулысымен
бекiтiлген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi
1. Осы Ереже жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті (бұдан әрі – Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереженің әрекеті сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Ережемен айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады:
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі – заттай айғақтар);
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі – көмбелер);
4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне берілген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі – сыйлықтар);
5) республикалық меншікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресімделген тауарларды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай мүлікті:
1) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған (бұдан әрі - иесіз мүлік), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырған деп танылғанға дейін мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың иелігіндегі иесіз мүлік;
2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк );
4) қараусыз қалған жануарларды;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысымен белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті;
6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (қазыналар үлесін) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
6. Уәкілетті орган мен коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар салық органдарына салық қызметінің уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша Мүлік туралы мәліметтерді беруге міндетті.
2. Мүлікті есепке алу және сақтау
7. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздерде жүзеге асырылады:
2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк;
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген кеден декларациясы;
4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар.
Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады.
8. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша ) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.
9. Тiзiмдеу актiлерiн есепке алу үшiн тiзiмдеу актiлерiнiң есепке алу кiтабы (2-қосымша ) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актiлерiнiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке алу кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекiтiлуге тиiс.
10. Тізімдеу актісін Есепке алу кітабына енгізгеннен кейін әр жазбаға түгендеу карточкасы (3-қосымша ) ашылады. Түгендеу карточкасының тақырыбы Мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ Мүлікті беру уақыты туралы мәліметтен тұруға тиіс. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (тарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.
Түгендеу карточкасына Тізімдеме актісінің нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі. Мүлік бір Тізімдеме актісі бойынша бірнеше ұйымдарға берілген жағдайда түгендеу карточкалары әр ұйымға бір нөмірмен жеке ашылады.
11. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар иесі жоқ жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты аудандық коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.
12. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
13. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде сату немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру үшін бағалау (қайта бағалау) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады.
15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартусыз атаулы құны бойынша бағаланады.
16. Бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы» (бұдан әрі - Орталық) филиалына тасымалдау (қайта жіберу) мақсатында жүргізіледі.
17. Республика меншігіне айналдырылған (айналдырылуға тиіс) Мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуға тиіс) Мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.