1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін
1-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
Отправить по почте
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 70 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін
1-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 70 қаулысымен бекітілген
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі
Тақырып өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
1. Жалпы ережелер
1.Осы Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды
1-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
2. Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат алудың субъектілері болып табылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртібі
5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді.
6. Рұқсат алу үшін мынадай құжаттар қажет:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |