• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 23.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Тауарлық газбен жабдықтауды бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 580 Қаулысы
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 мамырдағы
 № 580 қаулысымен
 бекітілген
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің өзара әрекеттерінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
2. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібі
3. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін жедел-диспетчерлік басқаруды (бұдан әрі — ЖДБ) ұлттық оператор жүзеге асырады.
4. Орталықтандырылған ЖДБ-ны жүзеге асыру кезінде ұлттық оператордың газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
5. ЖДБ мақсатында газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарында тиісті диспетчерлік қызметтер қолданылады.
6. Газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтері ұлттық оператор белгілейтін тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін пайдалану технологиялық режимдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін технологиялық интеграциялау мақсатында өлшеу торабындағы техникалық талаптар (қысым, температура, сапалық сипаттама, газ шығысы) шеңберінде шығатын технологиялық өлшемдерді реттеу орнатылады.
7. ЖДБ-ның негізгі міндеттері:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің жұмысын тәулік бойы ЖДБ және үйлестіру;
2) газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының диспетчерлік қызметтері арқылы Қазақстан Республикасының тұтынушыларын тауарлық газбен жабдықтауды басқару;
3) жасалған тауарлық газды тасымалдау шарттарына сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің жұмыс режимдерін әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
4) өлшеу тораптарында және газ тарату станцияларында газды өлшеу кешендерінің жұмысын бақылау, сондай-ақ газ тарату жүйелері бойынша тауарлық газ балансын талдау және бақылау.
8. Компрессорлық станцияларда (бұдан әрі - КС), газ тарату станциялары, жерасты газ қоймалары (бұдан әрі - ЖГҚ), газ өлшеу станциялары (бұдан әрі - ГӨС) мен магистральдық газ құбырларының желілік бөлігі жабдықтарының жұмыс режимін жедел басқаруды және негізгі параметрлерін бақылауды тиісті диспетчерлік қызметтің диспетчері (ауысым инженері) жүзеге асырады.
Басқаруды қажетті байланыс құралдарымен, телесигнализациямен, телебасқарумен, электронды-есептеу және ақпараттық техникамен және жедел техникалық құжаттамамен жарақталған бірыңғай диспетчерлік пункт жүзеге асырады.
9. Тиісті диспетчерлік қызмет диспетчерінің (ауысым инженерінің) жедел бағынысында жабдықтардың жұмыс режимін, оның ішінде жабдықтарды, сондай-ақ газ құбырының учаскелерін, шлейфтерді, ЖГҚ ұңғымаларын қосу мен тоқтатуды және бекітпе арматурасын ауыстырып - қосудың салдарын тікелей басқаруды жүзеге асыратын персонал болады.
10. Барлық газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарында, олардың филиалдарында және/немесе бөлімшелерінде диспетчерлік режимді енгізу Астананың уақыт белдеуі бойынша тәулік бойы жүзеге асырылады.
11. Диспетчерлік қызметтердегі уақыттың көрсетілуі тауарлық газбен жабдықтау бірыңғай жүйесінің барлық объектілері үшін бірдей болуға тиіс.
12. Ауысым персоналының ауысымды қабылдау-табыстауы журналға жазумен ресімделеді.
13. Жабдықтарды ауыстырып-қосу, қосу және тоқтату кезінде, авариялық жағдайларда ауысымды қабылдау-табыстауға жол берілмейді.
14. Авариялық жағдайлар туындаған жағдайда келіп жеткен ауысым газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары басшылығының қалауы бойынша оларды жоюға қатысады.