Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 4 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4718 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 28 сәуірден бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 36 Қаулысына сәйкес
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, cондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4038 тіркелген).
3. Осы қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге және "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасы _________________ (қолы, күні, елтаңбалық мөр)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысымен бекітілді
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банкті ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуіне және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруына лицензия беру, оны беруден бас тарту, банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуіне және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруына берілген лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату тәртібін және талаптарын айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 109 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
Ереже ислам банктеріне де қолданылады.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 Қаулысымен
2-тарау. Банкті ашуға рұқсат беру тәртібі
3. Банкті ашуға рұқсат алу үшін банктің құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) Банктер туралы заңның 19-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 109 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
4. Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) құрылтайшылар-жеке тұлғалар үшін – Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылтайшы-жеке тұлға туралы мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген осы тұлғада заңнамамен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын орындағаны туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды).
1-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді;
2) құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:
2-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 110 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.13 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Ережеге 2-қосымшаға сәйкес құрылтайшы-заңды тұлға туралы мәліметтер, оларға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе анықтама және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі;
2-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Банктер туралы заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есептерді жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының немесе басқару органының бірінші басшысында заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығын растайтын құжатты қоса бере отырып, Банктер туралы заңның 24-бабы 1-тармағының г-1) тармақшасы екінші абзацының талаптарын орындау туралы ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімді құрайды).
5. Банктің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысында белгіленген нысан бойынша жасалады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 242 Қаулысына сәйкес (08.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Құрылтайшылар банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен құрған кезде Банктер туралы Заңның 19-бабында белгіленген құжаттар тізбесіне қосымша Банктер туралы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
7. Банк жарғысының барлық даналарының титулдық бетінде жоғарғы оң жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) _____________________________.
7-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 109 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
8. Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініш осы Ереженің 3-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша құрылтайшылармен беріледі және оны уәкілетті орган өтініш берушінің уәкілетті органмен сұратылған соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтініш қабылданған күннен бастап, алты айдан астам емес уақыт ішінде қарайды.
8-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтініш қағаз тасымалдағышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылдаған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарлама банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.
10. Банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 24-бабында көрсетілген негіздер бойынша жасалады.
Банкті ашуға берілген рұқсат Банктер туралы Заңның 49-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарылып алынады.
11.Тармақ алынып тасталды
11-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тарау. Банкті лицензиялаудың жалпы шарттары
12. Уәкілетті орган банкке осы Ереженің 5-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша, банктер жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.
12-1. Уәкілетті орган ислам банкіне осы Ереженің 5-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша, ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.
13. Уәкілетті орган банкке осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға, банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.
13-1. Уәкілетті орган ислам банкіне осы Ереженің 6-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға және ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.
14. Банкке банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беруден бас тарту Банктер туралы заңның 27-бабымен, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32 және 36-бабымен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
14-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 109 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
15. Банкке бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны беруден бас тарту Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 32 және 36-баптарымен көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
15-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 109 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
16. Банк лицензиясын қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңмен көзделген негіздемелер және тәртіп бойынша жүргізіледі.
16-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 109 Қаулысымен (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2014 жылдан бастап)
Лицензиялауды қайта рәсімдеу банк осы Ереженің 6-2 және 6-3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтінішпен уәкілетті органға өтініш береді.
17. Уәкілетті орган лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктің жазбаша өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмірді беру және лицензияның жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазу арқылы лицензияның телнұсқасын береді.
17-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 жылғы № 235 Қаулысымен (27.03.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.12 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тарау. Банкке банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны беру тәртібі және шарттары
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |