• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г

Отправить по почте

"Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 740 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Тоқтабаев
Тимур Серікұлы
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы,
Құсайынов
Марат Әпсеметұлы
- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
Бектеміров
Қуаныш Әбдіғалиұлы
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) енгізілсін;
Қарабалин
Ұзақбай Сүлейменұлы
- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төраға,
Құсайынов
Марат Әпсеметұлы
- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамдардан: Еркен Исаханұлы Жақатаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.