• Мое избранное
"Қазақстан Республикасы үкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 794 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.03.2017 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес туралы ережеде:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері мен осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, бiлiм, өндiрiс пен қаржы-кредит саласын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын шешу, табиғи апаттар туралы ескерту және қысылтаяң жағдайларда құтқару үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) ғарыш қызметiн дамыту үшiн «Байқоңыр» кешенін, мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
4) Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесi үшін ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
5) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
4. Кеңестiң функциялары:
1) ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн ғарыштық аспап құрастыруда тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
4) ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы және тиiмдi бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
5) «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) әлеуетті құрылымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ғарыш жүйелерін құру және қолдану бойынша өзара іс-қимыл жасауының тетіктерін әзірлеу;
7) ғарыш жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
8) ғарыш технологияларын енгізу және ғарыш аппараттарын оңтайлы жүктеу жөнінде шаралар әзірлеу.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. Кеңестiң құрамына Кеңес төрағасының орынбасары, хатшы және Кеңес мүшелері кiредi.»;
7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ғарыш қызметінің мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Әдiлет, Қаржы, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Сыртқы iстер, Көлiк және коммуникация, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерiнiң, Ұлттық ғарыш агенттігінің бiрiншi басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму министрлiктерiнiң бірінші басшыларының бірінші орынбасарлары, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ғарыш қызметінің мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары кiредi.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 794 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы
Ахметов
Серік Нығметұлы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Мұсабаев
Талғат Амангелдіұлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазиев
Бағлан Нұрланұлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры, хатшы
Келімбетов
Қайрат Нематұлы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Имашев
Берік Мәжитұлы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Жәмішев
Болат Бидахметұлы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Досаев
Ерболат Асқарбекұлы
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Ыдырысов
Ерлан Әбілфайызұлы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Жұмағалиев
Асқар Қуанышұлы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Жақсыбеков
Әділбек Рыскелдіұлы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Божко
Владимир Карпович
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Жұмағұлов
Бақытжан Тұрсынұлы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі
Рау
Альберт Павлович
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму бірінші вице-министрі
Әмірин
Ғұсман Кәрімұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Нұртаев
Ырзақұл Сәденұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі (келісім бойынша)