«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Отправить по почте
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.04.2015 жылғы № 461 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1334 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 41-құжат);
2) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1503 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 140-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.
2. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және оған қолжетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
3) ведомствоаралық комиссия – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, оның ережесі мен құрамы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған ұсыныстар мен кандидатуралардың негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу тәртібі
4. ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу мынадай бір және (немесе) бірнеше өлшемдердің негізінде жүзеге асырылады:
1) ақпараттық сипаттағы қызметтер (анықтамалар және өзге де ақпараттық құжаттар беру);
2) құжаттың телнұсқасын берумен байланысты қызметтер;
3) лицензияларды және өзге де рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты қызметтер.
5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру жөнінде ұсыныстар береді.
6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде, оның ішінде жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды тікелей ескере отырып, ведомствоаралық комиссияда қарау үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.
7. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
8. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.
9. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия оң қорытынды шығарғаннан кейін 10 мамырдан кешіктірмей жоғарыда аталған тізбені мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жібереді.
Уәкілетті орган жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған тізбе негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
10. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін алты ай мерзімде кейіннен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып, ХҚО-да мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |