«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2015 жылғы № 7-1/587 Бұйрығын қараңыз
Редакция 08.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 қаулысымен бекітілген
Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
1-1) алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау - жұмысқа тұрған немесе оқуға түскен кезде кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу әрі инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізілетін тексеріп-қарау;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1191 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгiленген аумақ;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк құқықтық акт;
4) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
5) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы – iшкi сауда объектiлерiнде және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;
6) ветеринариялық iс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеудi немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi;
7) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) жануарды ветеринариялық тексерiп қарау – жануар саулығының жалпы жай-күйiн айқындау мақсатында ветеринариялық дәрiгердiң, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың оны клиникалық тексерiп қарауы;
9) жануарлар ауруларын қоздырушылар – вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндiктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндiктер;
9-1) жеке медициналық кітапша - халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін, жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін жеке құжат;
2-тармақ 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1191 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) карантин – эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;
10-1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;
2-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1191 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-2) мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарау - жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізілетін іс шаралар;
2-тармақ 10-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1191 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-3) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
2-тармақ 10-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1191 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) шаруашылық жүргізуші субъект – жануарлар өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар;
12) шектеу iс-шаралары – жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;
12-1) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін ауыру деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;
2-тармақ 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1191 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) эпизоотия ошағы – инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейiм жануарлар тұрған шектеулi аумақ немесе қора-жай.
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар бұл мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қойылатын міндетті талаптардың жиынтығы.
Ауыл шаруашылығы жануарларына, жануарлардың жыныс және дене
жасушаларына қойылатын талаптар
4. Ауыл шаруашылығы жануарлары клиникалық тұрғыдан сау және ветеринария саласындағы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларда көзделген негізгі физиологиялық көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.
5. Жыныс және дене жасушалары жануарлардың жұқпалы аурулары таралмаған аумақтарда орналасқан субъектілердегі клиникалық сау жануарлардан алынады.
6. Жануарларға, жануарлардың жыныс және дене жасушаларына қойылатын талаптар «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен белгіленеді.
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар
7. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1161, «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1160, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулыларымен және «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен белгіленеді.
Ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қойылатын
талаптар
8. Заңның 24-бабына сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
9. Дәрiлiк заттардың, сондай-ақ химиялық және микробиологиялық синтезделген жемшөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, шығарушы кәсіпорын беретін ілеспе құжат бар болса, оларды әкелу, тасымалдау ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады.
Диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық
материалдың сынамаларына қойылатын талаптар
10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1576 қаулысымен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидаларымен белгіленеді.
Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру,

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |