Аукцион өткізушілердің аукционнан алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ұсыну нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 тамызда № 8593 тіркелді
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 468-бабы 2-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес аукцион өткізушілердің аукциондар бойынша салық органдарына аукциондардан алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
(Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасына (Ә.С. Жұмаділдаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Статистика
________________Ә.А. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 313 бұйрығымен
бекітілген
20__ жылғы ___________________________ үшін аукциондардан алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат
* Сату фактісіне қарамастан, аукционда сату үшін мүлікті (мүліктік құқықты) шығарған барлық заңды және жеке тұлғалар көрсетіледі